Семинарлар өткізу » №156 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2015

Семинарлар өткізу

 

Іс – шара тақырыбы

Мерзімі

Қатысушы категория

Жауапты адам

  1. 1.                   

«Ерлігі аңызға айналған халықтың  ұлы - Бауыржан» тақырыбында Зейнеп Ахметовамен кездесу кеші 

2010

Мектеп ұжымы

Жабаева М.Т.

  1. 2.                   

«Коммуникативтік технология құралдары арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру», ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінен  қалалық семинар

19.02.

2010

Қала мұғалімдері, Алматы қаласы ББЖМБК және ҚДИ ұйғыр тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдіскері Махсатова П.М.

Таипова М.И.,

Мансуров М.М.

  1. 3.                   

«Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы оқушының танымдық белсенділігін  арттыру», жаратылыстану пәндеінен қалалық семинар

11.03.

2010

Қала мұғалімдері, Алматы қаласы ББЖМБК және ҚДИ биология, химия пәндері мұғалімдерінің әдіскері Баекешова К.Е.

Әлімжанова Д.М., Туғанбаева Г.Қ.

  1. 4.                   

«Ата –аналардың педагогикалық – психологиялық сауаттылығын арттыру», бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық  семинар

16.03.

2010

Аудан мұғалімдері, Алматы қаласы ББЖМБК және ҚДИ – дағы Алатау ауданының әдіскері 

Жәнібекова Г.Б., Мұхаметжанова К.К., Мұхаметқалиева К.Б.

  1. 5.                   

«Тіл - достықтың дәнекері»

2011

Қала мұғалімдері, Алматы қаласы ББЖМБК және ҚДИ әдіскері

Темірғалиева М.Б., Іргебаева Н.Ә.

  1. 6.                   

Қазақстан тәуелсіздігінің   20 жылдығына арналған

«Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа -  жүрегі бір» фестивалі 

2011

Қала мұғалімдері, Алматы қаласы ББЖМБК және ҚДИ әдіскері

Тәрбие бөлімі

  1. 7.                   

«Тәу етер ТӘУЕЛСІЗДІК–

ел тілегі»  тақырыбында өткізілетін қалалық іс - шараға шақырамыз.

2011

Қала мұғалімдері, Алматы қаласы ББЖМБК және ҚДИ әдіскері

Тәрбие бөлімі

  1. 8.                   

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік», аудандық семинар

2012

Қайым - Мұнар Табеевпен өткен кездесу

Тоқтасынова Б.С.

  1. 9.                   

«Қазақстан – менің Отаным» фестивалі

2012

Қалалық фестиваль, Алматы қаласы ББЖМБК және ҚДИ, Білім басқармасы, т.б.

Тәрбие бөлімі

  1. 10.               

«Мұқағали – мәңгілік жыр», Ақын бала Жамбыл Дүйсеновпен кездесу

2013

№131 мектеп әкімшілігі, ата-аналар және мектеп оқушылары

Тоқтасынова Б.С., Сағымбаева Г.Ш.

  1. 11.               

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы

2013

Алматы қаласы білім жетілдіру институты әдіскері, қала мұғалімдері, «Қазақстан тарихы» журналының редакторы

Жабаева М.Т.,

Тоқтасынова Б.С.

  1. 12.               

Бастауыш сынып оқушыларының күшімен  «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбында жыр кешін ұйымдастырды.

2013

Ақынның жерлесі  айтыскер ақын Даубай  Мамытұлы

Рахымова Б.К.

  1. 13.               

«Организация самостоятельной деятельности учащихся на уроках русского языка и литературы»

2014

Алатау аудандық Білім бөлімі, аудан мұғалімдері

Әбіштаева Қ.Х.

 

2014-2015 о.ж.

  1. 14.               

«Заманауи мектептегі бағалаудың жаңа формасы»

22.01.

2015

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлік бағдарламалар орталығы

Жанибекова Г.Б., Мырзағали Г.С.

  1. 15.               

«Заманауи мектептегі оқытудың жаңа формалары»

24.02. 2015

Алатау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп басшыларына арналған аудандық семинар

Султанбаева А.Н.

  1. 16.               

«Жаңаша білім беру – оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты»

25.02. 2014

Қалалық семинар

Темірғалиева М.Б., Иргебаева Н.А.

  1. 17.               

«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хадығы»

17.04. 2015

Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық әдістемелік зертханасы

Тоқтасынова Б.С.

 

22 қаңтар күні 2015 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлік бағдарламалар орталығымен бірлесіп «Заманауи мектептегі бағалаудың жаңа формасы» тақырыбында үш айлық курстан өткен мұғалімдердің күшімен қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарды «Өрлеу» БАҰо Ақ филиалы Алматы қаласы бойынша ПК БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Есентаева айжан Ыдырысқызы жүргізді. Семинар 5 бөлімнен тұрды.

 1-бөлім – кіріспе. Сертификатталған мұғалімдер тәжірибесінен дайындалған көрме.

2-бөлім – Ғылыми-әдістемелік бөлім. «Оқыту үшін және оқуды бағалау – сапалы білім өлшемі» тақырыбындағы бөлімді бастауыш сынып мұғалімдері Айтикеева Р.А., Мергенбаева Б.О., Рысбекова С.Т. жүргізді.

3-бөлім – тәжірибелік бөлім. Онда Нысанова М.А. 1-сыныпта ана тілінен «Боран» тақырыбында, Сағай п. 3-сыныпта әдебиеттік оқудан «Абай мен Әбіш» тақырыбында, Жантемір А. Дүниетанудан 2-сыныпта «Жапырақ» тақырыбында, Искакова Ғ.М. 4-сыныпта дүниетанудан «қазақстан табиғатын қорғау» тақырыбында, Қасайынова А.С. 4-сыныпта қазақ тілінен «Киіз үйдің бөлшектері» тақырыбында,  Исраилова Г.И. информатикадан 6-сыныпта «Нөмірленген және таңбаланған тізімдер» тақырыбында ашық сабақтар көрсетсе,  биология мұғалімі Мансурова Б.М., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сайлау Г. «Көңілді күн» тақырыбында ойсергек жүргізді.

4-бөлім – шеберлік-сынып. Мардиева Н.Н., Абдреимова Ж.А. «Мен осылай жасаймын» мұғалімдер тәжірибесінен «Оқушылардың оқып үйренуіне формативті бағалаудың ықпалы» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.

5-бөлім – қорытынды. Семинар-тренингке қатысушылармен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша  ПК БАИ  деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері Ордағұлов И.Б., есентаева А.И., Арзиева А.Т., Арзымбетова С.Ж.,  Мейрханова З.Д. брифинг өткізілді.

Мырзағали Г.С., Маратова А., Есентаева А.И. кері байланыс жүргізіп, семинарды қорытындылады.

24 ақпан 2015 жылы Қ.М.Ақмұрзаеваның ұйымдастыруымен «Заманауи мектептегі оқытудың жаңа формалары» тақырыбында ауданның мектеп директорларына арналған әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Әдістемелік семинарға Елбасымыздың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» деген сөзі арқау болды.

Семинарды мектеп директоры Ахметова Г.М. «Жаңаша оқытуға жаңаша көзқарас» тақырыбындағы баяндамасымен ашты. Мектеп басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтқан мына бір сөзін мысалға ала отырып, сөзін бастады: «Қазақстанды елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр.  Осы орайда Кембридж университетінің тәсілінің  деңгейлік мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының маңызы өте зор екендігіне тоқталып, ойын былай жалғастырды: «Ұстаздық мамандықты таңдағаннан кейін, шәкірттерің үшін маңызды тұлға екеніңді сезінесің, оқушыларыңа тағылымды тәлім, сапалы білім беру – ұстаздың басты парызы. Сондықтан жаңа үрдісті үйренуде, біз, ұстаздар, өзгеруіміз қажет деп есептеймін.  Мектепте І және ІІІ деңгейлі біліктілік курсынан өткен 32 сертификатталған мұғалім тиісті деңгейде, жаңа заман талаптарымен талмай еңбек етуде. Аталған мұғалімдердің күшімен мектебімізде бірнеше аудандық, қалалық әдістемелік, тәжірибе тарату семинарлары жоғары деңгейде өткеніне тоқталып, сөз соңында. Жаңа оқу Бағдарламасында: «Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті дамуының басталу алғышарты» - делінген. «Ел ертеңін тәрбиелеуші ұстаздар қауымы, еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында талмай еңбек етейік!», - деген сөздермен өз баяндамасын аяқтады.

             Директордың оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары  І деңгейлі курс бітіруші Норбутаев М.А. «7 модульдің идеялары» тақырыбында оқытудың жаңа бағыттары бойынша баяндама жасады. Өзінің курстан алған жаңаша көзқарастарын, өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, пікірталас ұйымдастырды.

«Оқу мен оқу процесінде қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында  ІІІ деңгейлі сертификатталған биология, химия мұғалімі Мансурова Б.М., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сайлау Г. коучинг жүргізіп, бүгінгі заман талабына сай заманауи мектептерде жаңа технологияны білім саласында тиімді пайдалану жолдары мен Кембридж бағдарламасының модульдері туралы мәлімет беріліп, қатысушылардың ризашылығына бөленді. №178 гимназия директоры Өтеш А.Қ. Кембридж бағдарламасы негізіндегі жаңа оқытудағы әдіс-тәсілдердің бүгінгі мектептерде қолданылып жатқандығына қуанып, жүрекжарды пікірі мен тілегін ортаға салып, өткізуші мұғалімдерге, мектеп ұжымына шығармашылық табыс пен жетістік тіледі.

ІІІ деңгейлі сертификатталған орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Каргажанова Г.З.  «Стили речи» тақырыбындағы озық сабағын мектеп директорларының қатысуымен өткізді.  Қатысушылар өз білімдерін өздері және өзара бағалауды  жүзеге асырды. Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдана отырып, кластер құрастыру, ұсынылған мәтіндерді өзгерту арқылы қайтадан құрастыру жұмыстарын қызығушылықпен атқарды.

ІІІ деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімдері Айтикеева Р.А. және Мырзағали Г.С.  «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында мектеп директорларын ата-ана роліне енгізіп, ата-аналармен жүргізілетін жұмысты түрлендіріп көрсетті.  Мұғалімдер «Назар аудар», «Гүлдер», «Стикерлер тобы», «Күн шуағы», «Галереяға саяхат» және «Өрмекшінің торы» әдістерін тиімді пайдалану арқылы қатысушылардың заманауи технологияға деген қызығушылықтарын арттыра білді.

І деңгейлі сертификатталған мұғалім Каюмова Г.Ф. семинарға қатысушыларға семинар басталарда өзіндік тапсырмалар беріп, соңында қорытынды рефлексия шығара отырып, мектеп директорларының әдістемелік семинар туралы көзқарастырын анықтап, семинарға өзіндік бағасын қойып өтті.

Мектеп психологы Туғанбаева Г.Қ. «Көңіл күй» тренингін өткізіп, семинарға қатысушылардың шаршағандықтарын басып, көтеріңкі көңіл-күйге бөледі.

Семинарға Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қ.М., бас маман Алмағамбетова П.О., әдіскер Смагулова А.Б., Бүркітбаева Г.Ж. және Алатау ауданына қарасты мектеп басшылары қатысып,  семинарды ұйымдастырушыларға, мектеп әкімшілігіне үлкен алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

 

25 ақпан 2015 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы Білім саласындағы жаңа технологиялардың қалалық орталығының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдіскері Мадалимова К.К. Алатау ауданы №156 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен «Жаңаша білім беру – оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты»  тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды.

Семинардың 1-бөлімінде мектеп директоры Ахметова Г.М. «Жаңаша оқытуға жаңаша көзқарас» тақырыбында баяндама жасады және семинарға қатысушыларға мектеп туралы жан-жақты мәліметтер айтып өтті. Мектеп директоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтқан мына бір сөзін мысалға ала отырып, сөзін бастады: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр.  Осы орайда Кембридж университетінің тәсілінің  деңгейлік мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының маңызы өте зор екендігіне тоқталып, ойын былай жалғастырды: «Ұстаздық мамандықты таңдағаннан кейін, шәкірттерің үшін маңызды тұлға екеніңді сезінесің, оқушыларыңа тағылымды тәлім, сапалы білім беру – ұстаздың басты парызы. Сондықтан жаңа үрдісті үйренуде, біз, ұстаздар, өзгеруіміз қажет деп есептеймін.  Сөз соңында. Жаңа оқу Бағдарламасында: «Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті дамуының басталу алғышарты» - делінген. Ендеше, ел ертеңін тәрбиелеуші ұстаздар қауымы, еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында талмай еңбек етейік!», деген сөздермен өз баяндамасын аяқтап мектеп басшысы сөз кезегін оқу- тәрбие істері жөніндегі орынбасарына берді.

            Мектептің 6-9 сыныптардан іріктеліп алынған оқушылар Саттар Ерубаевтың  өмірбаяны, еңбек жолдары, шығармашылығы, оның ішінде прозасы, лирикасы, аудармалары, пародиялары, балладалары, ақын туралы сырлы сөздер мен ақындардың өлең жолдары, т.б. туралы мол деректерге жан-жақты тоқталып өтті. Оқушылар қара сөздер мен поэзиялық туындыларды, көріністерді нақышына келтіріп, образға еніп, мәнерлеп оқып шықты. Прозаларына талдау жасап, негізгі кейіпкерлер бейнесін ашып өтті. Жүргізушілердің сахнада өздерін ұстауы әбден қалыптасқан, дағдыланған.

Семинардың 3-бөлімінің кіріспесі ретінде қазақ тілі мұғалімдері Касайынова А.С., Бурлыбекова Р.Е. «Күту» ағашы тренингін өткізіп, семинарға қатысушыларды сергітіп, сәттілік тілеп, таратылған түрлі-түсті бағдарламалар бойынша 5 кабинетке ашық сабақтарға қатысуға бөлді.

Орыс сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  Р.Е.Бұрлыбекова тәжірибе тарату мақсатында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, 5 «Л» сыныбына «Көктем» тақырыбында, Касайнова  Алтын Серікқызы  4 «К» сыныбында «Үй жануарлары» тақырыбында,  Хуанган Нұргүл  қазақ әдебиетінен  9 «А» сыныбында «Жамбыл –айтыс ақыны» тақырыбында,  Сатоболд Кулайхан 5 «Е» сыныбына  қазақ тілі пәнінен «Тұйық буын» тақырыбында, Сайлау Гулжамал  9 «Е» сыныбына  әдебиет пәнінен  «С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. «Алаш ұраны» өлеңі» тақырыбында  ашық сабақтар өтті.

Ұйымдастырылған сабақтар барысында мұғалімдер  оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін көрсете алды. АКТ-ны тиімді қолдану жолдарын байқатты.  Мұғалімдер  Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілін  ашық сабаққа қолдана отырып, түрлендіріп  өткізді. Ұйымдастыру сәтінде психологиялық ахуалды қалыптастыру арқылы «Шаттық шеңберін» құрып, оқушыларға көңіл-күй дидарын сыйлады, оқушылардың көңіл-күйін білді. Сабақтарда ойын түріндегі жаңа технология элементтері  тиімді  қолданылған. Оқушылар өз беттерімен ізденіс жұмыстарын  жасап, топтық, жұптық  жұмыстарды талқылап отырды. Кері байланыс екі жұлдыз, бір тілек арқылы оқушылар стикерлерге  өз ойларын  жазып  қалдырды.

            Семинарға қатысушылар сонымен қатар мектептің өнерлі өрендерінің күшімен, музыка жетекшісі Дайырбеков Е.Т., «АқНұр» бишілер тобының, жетекшісі – Дайырбекова А.Е., және «Айнұр» бишілер тобының, жетекшісі – Жунисова А.А.  ұйымдастырған шағын концертті тамашалап, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Семинардың 4-бөлімінде мәжіліс залында қазақ тілі мұғалімдері Касайынова А.С., Бурлыбекова Р.Е. семинарға қатысушылармен «Дәстүрлі мұғалім мен құзырлы мұғалім» тақырыбында тренинг өткізді, семинарға қатысушылар «Мұғалім – мектептің жүрегі», «ХХІ ғасыр мұғалімі»,  «Мұғалім - оқу үрдісінің көшбасшысы» тақырыптарында флипчарт таратылып, постерлерін белсенді қорғады. «Күту» ағашы тренингін өткізу арқылы кері байланыс жасалды, семинарға қатысушылар өздерінің семинар туралы оң пікірлерін білдіріп, «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингі арқылы семинарға қатысушылар топ бойынша өздерінің семинардан алған жақсы жақтарын, ұсыныстарын айтып, сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді.

Алматы қаласы Білім басқармасы Білім саласындағы жаңа технологиялардың қалалық орталығының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдіскері Мадалимова К.К. семинарды қорытындылады. Check out our recommendations for the uk best betting sites and make the right choice for your maximum pleasure. Read best online betting reviews and ratings including list of games, complaints, latest bonus codes and promotions.Өзінің қатысқан сабағы туралы талдау жасап, өзінің ұсыныстарын білдірді. Қала мұғалімдеріне жаңаша білім беруге байланысты әдістемелік көмек көрсетті. Семинарға қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріп, семинарды қорытындылады.

 

           17 сәуір 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» атты тарихи іс шара ұйымдастырылды.  Іс-шара доцент, әдіскер ұстаз Кунапина Қайыркен Құдайбергенқызының және тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Әдіскер ұстазбен мектебімізге ЖОО білікті де білімді мамандары, тарихшы ғалымдар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры т.ғ.д. Кәрібаев Берекет, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология, этнология және музеология» кафедрасының меңгерушісі, профессор Қалыш Аманжол Боранбайұлы,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,  т.ғ.д. Борбасова Қарлығаш, «Қазақстан тарихы» республикалық әдістемелік журналының бас редакторы Әзімханова Тамара, «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік жұрналының бас редакторы Әбділдабек Салықбай  келді.

Мектеп оқушылары «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» тақырыбына дайындаған тарихи іс шара көрсетті. Іс-шарада оқушылар Қазақ хандығының құрылуы туралы көптеген ғылыми дәлелденген деректер туралы ойларын  ортаға салып, қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Мектептің өнерпаз ұландары бірнеше әнді нақышына келтіріп орындап, биші қыздар мың бұралған қазақтың ұлттық биін билеу арқылы өз өнерлерімен көрермендерді қуанышқа бөлеп, көңілдерін көтерді.

Тарих пәнінің мұғалімі Байгунусова Ж.О. «Бүгінгі таңда біз бейбіт, көкке самғап, қанатын кең жайып, өзіндік сара жолын таңдап, мемлекеттік рәміздерін бекіткен тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. 2015 жыл -тарихымызды түгендеп, ұлтаралық сабақтастықты нығайтатын мерейлі жыл. «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Қазақстан халықтары ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы» тойлануда. Қазақ халқының тұңғыш мемлекеті «Қазақ хандығының» құрылуы қазақ ұлтының басын қосып, шашырап жатқан ру-тайпалардың басын қосты», - дей отырып, «Қазақ хандығы» тарихының осы күнге дейін зерделеніп, зерттелген деңгейі, жинақталған мағлұматтармен оқушыларды таныстырып, тарих беттерін түгендеу үшін қонаққа ғалым аға, апайлардың шақырылғандығын айтып, сөз кезегін қонақтарға берді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет «Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы» тақырыбында баяндама жасады. Қазақ хандығының нақты қай жылы құрылғандығы жөніндегі мәселе әлі де өз шешімін нақты тапқан жоқ. М.Тынышбаев, А.Чулошников және т.б.  тарихшылар Қазақ Хандығы  1456 жылы, Ә.Хасенов 1445 жылы, кейіннен 1428 жылы құрылды деген тұжырымдарды ұстанады.

            «Сардар» баспасынан «Қазақ хандығының құрылу тарихы» кітабының жарық көргендігін айтып өтті. Қоғамтанушыларға, тарихшыларға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрлеріне, докторанттарына және жалпы қазақ елінің тархына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырманға арналған монографияда  орта ғасырдағы қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті – Қазақ хандығының құрылу тарихының мәселелері қарастырылған. Әр тілде жазылған көптеген ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне, түрік халықтары  мен қазақ халқының ауыз әдебиеті материалдарына сүйене отырып Қазақ хандығының құрылу тархындағы күрделі мәселелерді талданған. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ Хандығының құрылуы бір кезеңде жүзеге асқан тарихи үдеріс деп есептеген, Қазақ хандығының негізін қалаған тарихи тұлғалар – Керей мен Жәнібек  хандардың тарихи рөлі ашып көрсетілді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология, этнология және музеология» кафедрасының меңгерушісі, профессор  Қалыш Аманжол Боранбайұлы «Қазақ хандығы тарихының құрамындағы ру-тайпалар» тақырыбында сөз сөйлеп, тыңдарман назарын өзіне аударды. Қазақ хандығы - қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі. Біздің  бұған дейінгі түркі әлемі, тіпті сонау сақтардан бастау алған тарихымыз бар. Алайда, қазақ хандығының ерекшелігі - біздің ұлттық сипаттағы алғашқы мемлекетпіз. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап «Қазақ» сөзі  саяси термин ретінде тарихқа алтын әріптермен енді. Бұл көне тарихымыздағы мемелекетіміздің Республика көлемінде тұңғыш тойлауымыз. Сондықтан «Қазақ хандығының 550 жылдығын»  тарихи рухани маңызы зор.          Қазір де Қазақстан - әлем  халықтарының  назарын аударып отырған орталық Азиядағы бірден-бір дамыған тұрақты елдің бірі екендігіне тоқталып өтті.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ т.ғ.д., профессор Борбасова Қ.  «Қазақ хандығы кезеңіндегі дін мәселелері» тақырыбындағы өз ойларын ортаға салып, көптеген дәлелді пікірлермен ойларын растап отырды. Қазақ халқының шамандық дінге табынуы, ислам дінінің тереңдеп енуі жайлы сөз қозғады. Дін мәселесі – қоғам мен мемлекет ушін аса маңызды,  әрі  күрделі  болып табылады. Дін қоғам  өмірінің  барлық  жақтарына  әсер  етіп, қоғамдық  дамуға да зор  ықпал етеді. Қазақ қоғамы үшін сапалы  білім  алған  кәсіби  мамандарды  дайындау - мемлекетіміздің  алға қойған  міндеті.  Осы  тұрғыда  адамның  тұлғалық  қасиеттерін  ашып,  негіз  болатын  дінтанудың  маңызы  зор.  Діндер  тарихын  сипаттау  дін  эволюциясының  сатыларын  қамтиды.  Дін   тарихын  оқыту  мен  игеру  жастардың  дүниетанымдық  ұстанымдары  мен  кемел  рухани  тұлғаның  қалыптасуына  зор  ықпал  етеді.

Өзінің «Діндер тарихы» оқу-әдістемелік құралын мектепке сыйға тарту етті.

«Қазақстан тарихы» әдістемелік журналының бас редакторы Әзімханова Тамара №156 ЖББ мектеп ұжымының үнемі қала көлемінде түрлі әдістемелік іс шаралар ұйымдастырып отыратындығына тоқталып, мектеп ұжымына алғысын білдірді.

«Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік жұрналының бас редакторы Әбділдабек Салықбай Қазақ хандығының – түңғыш ұлттық мемлекетіміз екендігінен сөз бастады. «Ал жалпы мемлекеттігіміз Сақ, Үйсін, Қаңлылардан басталады.  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи іс шаралар жер-жерде аталып өтіп жатыр. Таяуда Қ.Сәтбаев атындағы ҚҰТУ «Қазақ хандығының құрылуына – 550 жыл» атты дөңгелеек үстел өтті.  Мұндай  іс-шаралардың тарихшылар үшін де, оқушылар үшін де берері мол. Мына жаһандану заманында ұлттың ұлт болып сақталып қалу мәселесі де аса өзекті болып отыр. Сондықтан, осындай аса маңызды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табарына бек сенеміз»,- деп мектеп ұжымына «Түн түнегіндегі екеу» атты кітабын және «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік журналының бірнеше нөмірін сыйға тарту етті.

   Мектеп оқушылары Жүнісов Дінмұхамед және Хамза Мария «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбына, Мауталиева Айжан «Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» ҚР Конституциясы» тақырыбына баяндама дайындап, өзіндік шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналысып, ғылыми жұмыс жобаларын бастап қойды және  өздерінің Қазақ хандығы тақырыбы төңірегінде толғандырып жүрген сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.

Доцент, әдіскер ұстаз Кунапина Қайыркен Құдайбергенқызы әдістемелік семинарды ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірді.  ЖОО келіп отырған тарих ғылымдарының майталмандарына, ғалымдарға алғысын білдірді. Оқушыларға, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.

Аталған семинарлар туралы республикалық басылым беттерінде мақалалар жарияланды.

Оқушылардың       білім сапалары үнемі бақылауда болды. Қыркүйек айында кірме қима жұмыстары, әр тоқсан соңында барлық пәндерден директорлық қима жұмыстары алынды. 4-11-сыныптардан қыркүйек, қараша, қаңтар, ақпан, сәуір айларында ОЖСБ және ҰБТ-ға дайындық деңгейін қалыптастыру және арттыру мақсатында тест жұмыстары алынып, талданып, ӘБ отырыстарында талқыланып отырды.

Жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып, жас мамандармен тиісті жұмыс түрлері жүргізілді.

Жыл бойы мектеп логопеді, психологтарының көмегімен дамуында тежелісі бар оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізіліп, түзету сыныптарының оқушылары толықтырылып отырды. Бастауышта 4-орыс сыныбы ғана бар. Мұғалімдердің өзара бірлесіп жұмыс істемеуінен түзету сыныптарынан бастауыш сыныптар саны кеміп отыр. Жоғары сыныптардан үлгерімі жақсы оқушылар өз сыныптарына ауысқан жағдайлар да бар.

 

Оқу – тәрбие жоспары негізінде қыркүйек айында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында онкүндік төмендегі жоспар негізінде жүргізілді.

Онкүндіктің алғашқы күні қазақ, орыс және ұйғыр тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты мерекелік іс – шара өткізілді. «22 қыркүйек – тілдер мерекесі» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып, тіл туралы нақыл сөздермен мектеп іші безендірілді. Жоспарланған бағдарлама бойынша сыныптан тыс сабақтар мен ашық сабақтар, іс-шаралар талапқа сай өтті. Мектеп кітапханасында «Тіл–ел байлығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
      Алғашқы сыныптан тыс сабақ   «Тіл – қазына» атты тілдер фестивалі мәжіліс залында өтті. Онда қазақ, ұйғыр, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде өлең – жырлар айтылып, қойылымдар қойылып, билер биленді.                           
             «Тіл – ел байлығы» атты мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылып, тілдің қазіргі жағдайы туралы ойлар айтылды.                                                             
        «Достық тілі» атты көркем сөз сайсы 5-11 сыныптар аралығында болды. Онда 20 шақты оқушы қатысып, бірнешеуі жүлделі орындарды жеңіп алып, мектеп директоры тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды.                         
     «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатына  5-11 сыныптар қатысты.
      Ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ағылшын – достық тілі» тақырыбында өткен іс-шараға ағылшын тілі ерте жастан оқытылуды жүзеге асырған төменгі сынып оқушылары белсене қатысты. Пән мұғалімі Тайтелеева М.Н. Оқушыларға ағылшын тілінде өлең жолдарын жаттатқызып, әндер орындауды үйреткен.                                    
      Мектепте «Тілім менің – тірегім...» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы өткізілді. Таңдаулы шығармаларға орын берілді.                                                                     

      Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Конкурс знатоков русского языка», «Старана, соеденившая народы» атты тәрбиелік шаралар және «Язык дружбы» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.                    
        Ашық тәрбиелік іс-шаралар тиісті деңгейде өтті. Барлық өткен іс-шараларда оқушыларды кең байтақ жерімізді, елімізді сүюге, халқымыздың атадан балаға мұра болып қалған баға жетпес байлығымыз – тілімізді құрметтеуге, оны терең меңгеруге тәрбиелейді.

             «Үздік авторлық бағдарлама» қалалық байқауына қатысқан мұғалімдер туралы мәлімет.

Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ –де 1-7 сыныптар үшін вариативті және 8-11 сыныптар үшін беінді және бейіналды элективті курстардың оқыту бағдарламаларының сараптамасы өткізілді.

Тексеруден өтіп, қала мектептерінде оқытуға ұсынылған бағдарламалар:

Мұғалімнің аты-жөні

Элективтік курс атауы

1

Касайынова А.С., Іргебаева Н.Ә.

«Өр Алтайдай алып тұлға - Оралхан»

2

Іргебаева Н.Ә., Бурлыбекова Р.

«Ілиястану»

3

Темиргалиева М.Б., Иргебаева Н.А.

«Ежелгі әдеби жәдігерліктер»

4

Темиргалиева М.Б., Сайлау Г.

«Қорқыттану»

5

Алимжанова Д.М., Каюмова Г.Ф., Аскарова Р.Н.

«Аналитикалық химия»

«Химиядан сандық есептерді шығару»

«Юный химик - лаборант»

6

Тоқтасынова Б.С.

«Батыр бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі, өнеге»

7

Мухаметкалиева К.Б.

«Көркем жазу»

 

Ұстаз – рухы таза, ой - өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықытың үлгісін көрсететін ұлттық тұлғаны тәрбиелеуші. Жас ұрпақты заман талабына сай оқыту, сапалы білім мен саналы тәрбие беру күн тәртібіндегі өте бір маңызды мәселе болса, осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген, мемлекет мұратына адалдық, адамгершілік нәрін беруші шығармашыл ұстаздардың жетістіктері де ерекше аталады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: