Алатау ауданына қарасты №156 жалпы білім беретін мектепте өткен сенбілік туралы анықтама » №156 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау ауданына қарасты №156 жалпы білім беретін мектепте өткен сенбілік туралы анықтама
13
апрель
2019

Алатау ауданына қарасты №156 жалпы білім беретін мектепте өткен сенбілік туралы анықтама

Алатау ауданына қарасты №156 жалпы білім беретін мектепте

өткен сенбілік туралы

анықтама

  Өтілген уақыты: 13 сәуір , 2019 жылы

                                   Сағат – 9:00 1- ауысым

                                   Сағат-11:00  2-ауысым                                                  

  1. Сенбілік өткізілетін орын: №156 ЖББ мектеп аймағы
    • Мектеп алаңы түрлі жазулармен, қабырға газеттерімен, «Сенбілікке бір кісідей қатысайық», «Денсаулық – тазалық кепілі», т.б.  ұрандарымен, шарлармен, жалаушалармен безендірілген.
    • Қала, табиғат жайлы музыка ойнату ұйымдастырылды.
  2. 1-ауысымда өткен сенбілікке мұғалім -85, техперсонал-25, 7– 8 сыныптардың оқушылары қатысты.  Қатысқан оқушы саны –700 оқушы. 2-ауысымда өтетін сенбілікке 9-10 сыныптардан 550 оқушы қатысты.Сенбілікке қатысқан ата-ана саны-125.

                 Сенбілік тақырыбы: «Біз таза қала үшін »

  1. Мектеп алдына оқушылар сапқа тұрып, линейка өткізілді. Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқушылар мен мұғалімдерді сенбілікке бір кісідей қатысуға шақырды. Оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, өздеріне бөлінген тазалау аумақтары туралы мәлімет берді.

 Оқушылардың барлығы талапқа сай киінген, барлығы бір кісідей жасыл галстуктар таққан. Плакаттарға жазылған ұрандары бар. Қолдарына мектеп тарапынан берілген жұмыс қолғаптарын киді.

  1. Мектеп аумағы санитарлық талапқа сай тазартылды. 70 түп раушан гулі,30  түп ағаш отырғызылды.
  2. Оқушыларға арналған ақпараттық стенділер бар
  3. Мұғалімдер тарапынан бірнеше үгіттеу – насихаттаушы топтар құрылып, мектеп ықшам ауданына қатысты «Өжет» ықшамаудандарының аймақтарына бөлініп, жергілікті тұрғындарды сенбілікке шақыру жұмыстарын атқарды. Үйлерінің маңайларын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.
  4. Сенбілік соңында жақсы жұмыс жасаған топтар мен мұғалімдері мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Мектепте оқу - тәрбие үрдісі бұзылмай сақталуда. Директордың бекіткен сабақ кестесімен 1-ауысымның оқушылары сабақтарын оқуда. Сенбіліктің өткізілуі туралы бұйрық шығарылып, сынып жетекшілерімен оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы іс – шаралар жүргізілді.

Мектеп әкімшілігі қалалық сенбілікті талапқа сай, жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: