«Отбасы сағаты» » №156 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2019

«Отбасы сағаты»

«Отбасы сағаты» - «Час семьи» республикалық  акциясының

ЕСЕБІ

« Отбасы  сағаты» – «Час  семьи»  акциясы. 2019 жылдың  15  мамырына дейін мектеп бойынша жоспар құрылды. 30 сәуір  сынып жетекшілері  «Отбасы – адам  тұлғасының  бесігі»  атты сынып сағаттарын  өткізді. Сынып  сағаттарының   мақсаты:  оқушыны  отбасы  ұғымымен  толық таныстыру,  отбасындағы  тәрбие  қандай  болуына , тәрбиелі  болуына  бағыт беру. Сынып сағаттары  барысында «Жанұя » моделі,  постер  құрастырылды. Отбасы  туралы мақал-мәтелдер айтылды. «Ешқашан күн сөнбесін» өлеңі  айтылды. Сынып сағатының аяғында оқушылар өз отбасыларына жазбаша түрде тілек білдірді.Осы тақырыпқа байланысты , оқушылар сынып сағатынан өте көп қуанышты әсер алды.

3  мамыр  күні 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» атты  апликация жасау  байқауы өткізілді. Нәтижесінде: 1 орынға  2- сынып оқушысы Совет Енлік  , 2 орынға 3- сынып оқушысы Абдрахман Кәусар , 3 орынға 1- сынып оқушысы  Боранбай Аружан ие болды. Оқушылар мен   ата –аналар  мақтау қағазы мен  марапатталды .

4 мамыр дене шынықтыру мұғалімі  Оралбеков Талғат   ұйымдастырылуымен «Салауатты өмір салты –ұлт  денсаулығының  кілті» ата-аналардың қатысуымен  спорттық жарыс  өткізілді. Жарыс  еркін күрес  түрінде  өтті.  Ата – аналар қатысты.

«Отбасы сағаты» - «Час семьи» акциясын орындау мақсатында оқушылар , ұстаздар және ата-аналар өте көп жақсы әсер алды.

Ұмытылмас күндер өткізді. Біз үшін барлығы көңілді және керемет өтті. Жоспар толығымен орындалды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: