«Қамқорлық» акциясы » №156 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2019

«Қамқорлық» акциясы

Қайырымдылық пен ізгі ниетке арнап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға тебірентер сөз айтқан еді: «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз». «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру. Жалпы, бұл акцияның өзектілігі мен қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр десем болады, қайырымдылық жасауда біздің №156 жалпы білім беретін мектептің де үлесі зор. Осы іс- шараны қолға алу мақсатында жақында мектебіміз 10 Г сыныбы, сынып жетекшісі Р. Юсуповна оқушыларымен "Алматы облыстық №1 балалар " үйіне барып, қолдарынан келгенше өз көмектерін жасап қайтты. Оқушылар апарған сыйлықтарынымен балаларды қуантып, бірге ойнап, үлкен әсерде болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: