Болашақ- білімді ұрпақ қолында. » №156 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2019

Болашақ- білімді ұрпақ қолында.

Болашақ- білімді ұрпақ қолында. Алматы қаласы Алатау ауданы №156 жалпы білім беретін мектепте кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай Болашақ- білімді ұрпақ қолында» атты іс-шара өтті. Іс-шараға ауданымыздың 26 мектептің кітапханашылары мен «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Т. Алмасаев, «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының консультанты Қ.С.Есенбай қатысты. Алғашқы сөзді №156 жалпы білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі Б.Д.Умарова: Елбасымыз айтқандай, XXI ғасырда мәдениеттің, ғылым мен білімнің қайнар көзі, ол- кітапхана. Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір! Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы -кітапханашылар яғни өздеріңіз,-деп айта келе, мектебіміздің оқушыларымен әзірленген мерекелік іс-шараны ашып берді. Болашақ-білімді ұрпақ қолында демекші мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан кітапхана- оқырмандарды білім нәрімен сусындатқан рухани қазына орталығы. Еліміздің тағдыры өсіп келе жатқан ұрпақтың біліктілігімен білімділігіне байланысты десек,м кітапхана – заман талабына сай біліммен ғылымның,шығармашылық және мәдени дамудың,ақпараттық жетістіктерін насихаттауда ел игілігіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдениет ордасы. Кітапхана сақтаушы боп қала берер, ұлтымыздың мәдени қазынасын!,-дей келе «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Т. Алмасаев кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттарымен марапаттады және де Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы К.М.Акмурзаеваның мадақтамаларын ауданымыздың кітапханашыларының әдіскері Б.Х.Кенебаева марапаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: