Мектепке Жол републикалық акциясы 2022 » №156 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке Жол републикалық акциясы 2022
18
август
2022

Мектепке Жол републикалық акциясы 2022

«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы


     №156 ЖББ мектепте жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығындағы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты: 

-Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету;

- баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу;

- жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.

Акция аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған шаралар жүргізіледі. Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттау кеңінен өріс алады.Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. Мектебімізідің тұрмысы наша отбасылардан шыққан оқушыларына «Харекет» қайырымдылық қоры екі жүз спорттық киіммен берсе, Манас Қыстаубайұлы мешіті 8 оқушыға оқу құралдарымен, «Өжет» базарының әкімшілігі 15 балаға оқу құралдарымен көмектесіп отыр. Құрметті қауым, акция барысында үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасауға шақырамыз. «Балалар жылы» аясында көмекке мұқтаж балаларды қолдайық.


№156 ЖББ мектептің әлеуметтік педагогы:  Нурсали Айдана Бағдатқызы





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: