№156 ЖББМ 2024-2025 оқу жылындағы өзін-өзі бағалау туралы есебі
№156 жалпы білім беретін мектептің
2024-2025 оқу жылындағы өзін-өзі бағалау туралы есебі
- 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІ ЖӘНЕ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін қалай бағалайсыз?
- Мектепке дейінгі білім беру деңгейі көбінесе бақылау, ойын түріндегі тапсырмалар, әңгімелесу арқылы жүзеге асады. Негізгі критерийлер: коммуникативтік дағдылар, моторика, танымдық қабілет, шығармашылық ойлау, әлеуметтену деңгейі. Мақсаты: баланың мектепке дайындығын, негізгі дағдыларды игеруін анықтау.
- Бастауыш білім беру деңгейі тест, жазбаша және ауызша жұмыс, портфолио, бақылау жұмыстары. Негізгі критерийлер: оқу, жазу, есептеу, логикалық ойлау, пәндік білім. Мақсаты: оқушының негізгі сауаттылығы мен оқу дағдыларын меңгеру деңгейін анықтау.
- Негізгі орта білім беру деңгейі (5-9 сыныптар). Бағалау әдісі: Формативті және жиынтық бағалау (БЖБ және ТЖБ жүйесі), тестілеу, жобалық жұмыстар. Критерийлер: пәндік білім мен дағды, функционалдық сауаттылық, сыни ойлау қабілеті. Мақсаты: Жалпы білімнің беріктігін, түрлі салалар бойынша базалық түсініктің қалыптасуын бағалау.
- Жалпы орта білім беру деңгейі (10-11 сыныптар). Бағалау әдісі: ҰБТ, эссе, ғылыми жобалар, портфолио, жиынтық бағалау. Критерийлер: пәнді терең меңгеру, жоғары деңгейлі ойлау дағдылары, өзіндік жұмыс жүргізу. Мақсаты: жоғары оқу орындарына дайындық деңгейін бағалау.
Білім сапасын арттыруда жыл бойында қандай жұмыстар атқарылды? Оның нәтижесі болды ма?
Білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін бағалау – тек білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар, оқыту сапасын, оқушының дамуын, әлеуетін және болашақтағы жетістік мүмкіндігін анықтайтын құрал. Білім сапасын арттыру мақсатында жыл бойы бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу, қосымша сабақтар мен факультативтер беру, ата-анамен тығыз байланыс орнату сынды бірқатар атқарылған жұмыстар жүйелі болды және олардың нақты нәтижелері байқалды. Мұғалімдердің кәсіби өсуі, цифрлық ресурстарды пайдалану, оқушы мен ата-ана арасындағы байланыс – бәрі біріге отырып, білім сапасын жақсартуға өз үлесін қосты.
Жалпы, мектептегі білім сапасын арттыру мақсатында түрлі шаралар қабылдануда. Мысалы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту (PISA нәтижелері бойынша оқу), мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, Lesson study зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жас мамандар мен тәлімгерлердің жұмысы, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің ынтымақтастықта жұмыс істеуі сияқты іс-шаралар білім сапасының жақсаруына ықпал етуде.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерінің динамикасы қандай (осы кезеңде қолданылса)?
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерінің динамикасы білім сапасының өзгерісін, оқушылардың оқу жетістіктерін және жалпы білім беру процесінің тиімділігін көрсетеді.
9-11 сыныптардың «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткерлері
Оқу жылы | 11-сынып111111111111 | 9-сынып9999 | |||
Барлық оқушы саны | «Алтын белгі» | Үздік аттестат | Барлық оқушы саны | Үздік аттестат | |
2023-2024 | 138 | 2 | 9 | 248 | 7 |
2024-2025 | 114 | 3 | 9 | 316 | 21 |
Келесі жылға жұмысты жоспарлау үшін оқу жылының нәтижелерін талдау негізінде қандай қорытынды жасауға болады?
Келесі жылға жұмысты тиімді жоспарлау үшін оқу жылының нәтижелерін талдау барысында мынадай негізгі қорытындыларды жасауға болады: Біріншіден, оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына талдау жасау. Атап айтсақ, жоғары, орташа және төмен деңгейдегі оқушылардың пайыздық үлесін ескеріп жұмыс жүргізу. Қай пәндер бойынша оқу жетістігі жоғары, қай пәндер бойынша артта қалушылық байқалады, соған сәйкес келесі оқу жылына нақты бағыттар анықталады. Сол бағыт бойынша жұмыс жүргізуге жопар құрылады. Екіншіден, оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық, коммуникативтік дағдыларының қалыптасу деңгейі. Қабілеті жоғары және ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыстың тиімділігіне аса назар аудару. Үшіншіден, мұғалімдердің кәсіби жетілуі, оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижелілігі. Ішкі бақылау нәтижелері (бақылау, диагностика, сауалнамалар) бойынша мұғалімдердің жұмысындағы күшті және әлсіз жақтарын анықтап, жұмыс жүргізу. Төртіншіден, оқушылардың тәртіп, мектепке қатысу, қоғамдық өмірге араласу деңгейі. Құндылықтар мен мәдениеттілік тәрбиесінің деңгейі. Бесіншіден, ата-аналардың мектеп өміріне қатысу белсенділігі, кері байланыс сапасына назар аудару. Алтаншыдан, оқу-тәрбие процесінде туындаған басты қиындықтар: материалдық-техникалық база, кадрлық жетіспеушілік, әдістемелік қолдаудың жеткіліксіздігі тағы басқа жайттарға назар аудару. Бұл талдау негізінде келесі оқу жылына алдымызға нақты мақсаттар мен міндеттер қойылады:
- Кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыс жоспары;
- Озық тәжірибелерді енгізу;
- Жеке және топтық қолдауды күшейту;
- Мұғалімдердің кәсіби даму жоспарын құру;
- Мектепке қажетті ресурстарды (оқу құралдары, курстар, техникалық жабдықтар) қамтамасыз ету.
- ОҚУ ҮРДІСІН ЖӘНЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ:
Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарға қатысу деңгейін қалай бағалайсыз?
Оқушылар сабақтан тыс уақытта түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобаларға белсенді қатысады. 2024 жылдың 23 қараша күні біздің оқушылар 8-11 сынып оқушыларының «Дарын» республикалық байқауының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының аудандық кезеңі қатысты. Аудандық кезеңге 7 оқушы қатысты. Оның ішінде 2- жұптық жұмыс 3-жеке жұмыс ұсынылды. Қалалық кезеңге 4-оқушы қатысып, 8-11 сыныптар бойынша 1 оқушы жүлделі 2 орынға ие болды. 2024 жылдың 26 қараша күні 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық байқауының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық жобаға 8 оқушы қатысты. Оның ішінде бастауыш 2-4 сыныптар бойынша - 4 жоба, 5-7 сыныптар бойынша 2 жоба ұсынылды. Бастауыш 2-4 сыныптар бойынша- 5 оқушы 1-2-3 орындарға , 5-7 сыныптар бойынша 2 оқушы 1орындарға ие болды.
2024 жылдың 14-15 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушыларына арналған аудандық олимпиада өткізілді. Аудандық кезеңге 16 оқушы қатысып, соның ішінде 8 оқушы орындарға ие болды. 2024 жылдың 09-10 желтоқсан күндері №178 мектеп лицейінде 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өткізілді. Аудандық кезеңге 24 оқушы қатысып 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды, 7 оқушы мақтау грамоталарын иеленді.2024 жылдың 04-05 желтоқсан күндері №179 мектепте 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 20 оқушы қатысып ,5 оқушы жүлделі орынға ие болып,1 оқушы қалалық кезеңі жолдама алып, қалалық кезеңен 2 орынға ие болды.
Жылы бойы оқушыларымыз басқада шығармашылық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар 2025 жылдың 02 мамыр күні мектебіміздің базасында «Жас жол инспекторы» аудандық слеті өттіп,оқушыларымыз 1 орынға ие болып қалалық кезеңге шықты. 16 мамыр күні «Балалар сарайында» қалалық кезең өттіп, оқушыларымыз республикалық слетке жолдама жеңіп алды
Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарға қатысу деңгейі жоғары деп бағаланады. Бұл:оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді; Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын көрсетеді;
Мектептің білім сапасы мен тәрбие бағытындағы жұмыстарының нәтижелілігін дәлелдейді.Осындай нәтижелер болашақта республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктерге жетуге негіз бола алады.
Оқу үрдісінде қандай инновациялық тәсілдер мен технологиялар қолданылды? Оларды жүзеге асырудың нәтижесі қандай?
Мектебімізде оқу үрдісінде қолданылып жүрген инновациялық тәсілдер мен технологиялар білім берудің сапасын арттыруға, оқушының қызығушылығын оятуға және жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған. Атап айтсақ, қазіргі таңда жиі қолданылып жүрген негізгі инновациялық тәсілдер мен технологиялар:
- Цифрлық білім беру платформалары: BilimLand, Khan Academy, Moodle, Google Classroom.
2.STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) тәсілі:
Көпсалалы жобалық жұмыстар арқылы логикалық және шығармашылық ойлау дамытылады. Робототехника, 3D модельдеу, графикалық дизайн сынды бағыттар енгізіледі.
- Геймификация (оқытуда ойын элементтерін қолдану): Kahoot, Quizizz, Wordwall секілді платформалар арқылы оқушылардың мотивациясы артады.Сайыс, ұпай жинау, марапаттар сияқты элементтер қосылады.
- Жеке траектория бойынша оқыту (жекешелендірілген оқыту): Әр оқушының деңгейіне сай тапсырма беріледі. Мысалы: адаптивті оқыту платформалары (Edmodo, Smart Learning).
- Интерактивті тақта мен AR/VR технологиялары: Виртуалды шындық арқылы күрделі процестерді көзбен көріп түсінуге болады (мысалы, адамның анатомиясы). Интерактивті оқулықтар, 3D модельдер.
Аталған инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолдануда айтарлықтай нәтижеге көз жеткіздік. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты. Сабаққа қатысу белсенділігі мен үлгерімі жоғарылады. Оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық, топпен жұмыс істеу дағдылары дамыды. Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс сапасы артты. Қашықтан оқыту мүмкіндігі кеңейді. Тапсырмаларды саралап беру арқылы әр оқушының әлеуеті ашыла бастады.
Жыл бойы оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас қалай жүргізілді? Өзара әрекеттестіктің қандай формалары ең тиімді болып шықты?
Оқу жыл бойы мектебімізде оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас жүйелі түрде жүргізіліп тұрды. Жүргізілген қарым-қатынастың негізгі бағыттары мен жұмыс түрлерін атап айтсақ: 1. Ата-аналар жиналыстары.
- Тоқсан сайын және аудан талаптарына сай қажеттілікке қарай өткізілді.
- Оқушының оқу үлгерімі, тәртібі, сыныптағы ахуал туралы ақпарат берілді.
- Ата-аналар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып, кері байланыс орнатылды.
- Жеке кездесулер өткізілді.
- Ата-аналардың сұранысы бойынша немесе мұғалімнің бастамасымен оқушының даму ерекшеліктерін талқылау үшін жеке кездесулер ұйымдастырылды.
- Арнайы қолдау немесе кеңес қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен жеке байланыс орнатылды.
- Электрондық байланыс құралдары арқылы да жұмыстар жүргізілді.
- WhatsApp, Telegram топтары арқылы жедел ақпарат алмасу.
- kz жүйесі арқылы күнделікті оқу үлгерімі мен қатысуы туралы ақпарат беру.
- Email немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар жіберу.
- Ашық сабақтар мен мектепішілік іс-шараларға ата-аналар тартылып, бірігіп жұмыстар жүргізілді.
- Ата-аналар ашық сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға шақырылды.
- Бұл ата-аналардың оқу процесіне қатысуын арттырды және мұғаліммен тығыз байланыс орнатуға ықпал етті.
- Сауалнама және психологиялық тренигтерге шақырылып кері байланыс жасалды.
- Ата-аналардан оқу процесіне, мектептегі тәртіпке, мұғалім жұмысына байланысты кері байланыс алынды.
- Сауалнама нәтижелері алдағы жұмысты жоспарлауға көмектесті.
Осы оқу жыл бойы ата-аналармен қарым-қатынас жүйелі, ашық және сенімді негізде жүргізілді. Бұл жұмыс оқушылардың дамуына оң әсер етіп, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
Мектептегі қауіпсіздік — оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған маңызды шаралар жиынтығы. Бұл: Физикалық қауіпсіздік: күзет, бейнебақылау, төтенше жағдайға дайындық. Психологиялық қауіпсіздік: буллингтің алдын алу, мектеп психологының жұмысы. Ақпараттық қауіпсіздік: интернеттегі қауіптерден қорғау, дербес мәліметтерді сақтау. Ата-аналармен және құқық қорғау органдарымен байланыс: бірлескен жұмыс, алдын алу шаралары. Қауіпсіз орта – сапалы білімнің кепілі. 7 сәуір күні, 8-11 сынып жетекшілеріне мектеп директоры М.Б. Теміргалиева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мустафинова Гаухар Советқызы мопедтің адам өміріне төндіретін қаупі туралы арнайы түсіндірме жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында мопедтердің қауіпсіз қозғалыс ережелері, жол-көлік оқиғаларының негізгі факторлары және осы көлік түрінің қолданылуына байланысты туындайтын қауіпті жағдайлар түсіндірілді. 3 сәуір күні, Алатау аудандық ЖПКБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Ишмұханбет С.Р және Тұрсынжан М.Б, мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мустафинова Гаухар Советкызы мен мектеп ұжымы 1-4 сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтау, квадроцикл, мопед, скутер, мотоциклдердің кәмелетке толмаған жасөспірімдерге зияны мен зардабы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жыл бойына білім беру ұйымындағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатына жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Оқушылар мен қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізу.
«Қауіпсіздік – басты назарда» 2025 жылдың 12 мамыр күні №156 жалпы білім беретін мектепте 10-11 сыныптар арасында «Қауіпсіздік – басты назарда» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. 05 мамыр күні, Өрт қауіпсіздігі — ортақ міндет!
Алматы қаласы №156 ЖББМ-де 9–11 сынып оқушылар арасында ”Көмек” бағдарламасы аясында арнайы түсіндіру шарасы өткізілді. Алматы қаласы Полиция департаментінің Терроризмге және экстремизмге қарсы күрес бөлімінің білікті маманы Бектұр Бағдатұлы Абуталипов мырза мектебімізге келіп лекция оқыды. 10 желтоқсан күні, Бүгін мектепте психиатр-нарколог Салия Кенесбековна келіп, зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін зияны туралы қызықты дәріс оқыды. 18.10.24 күні “Наркостоп” қоғамдық қорынан Тәжібаев Ерлан мырза келіп оқушыларға “Нашақорлық және оның салдары” атты тақырыпта лекция оқыды. “Құқықбұзушылық және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында 8-11 сыныптар аралығында, Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция лейтенанты Кускеев Нұрбол, мектеп инспектор аға лейтенант Ишмұханбет Сұлтан, ДТІЖО және мектеп психологымен бірлесе отырып дәріс оқылып кеңес берілді.
Ішкі істер органдарымен және басқа қызметтермен өзара әрекеттесу қауіпсіздік.
26 ақпан күні, “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі” Әл-Фараби
Балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты жұмыс жоспарын жүзеге асыру және оқушыларға құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық негіздері пәні мұғалімдері О.Р.Ахметкаримова, С.Ә.Адильшеева, Ж.М.Бегманова 10-сынып оқушыларымен “Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесі” тақырыбында құзырлы мекеме қызметкерлерімен бірлескен шара өткізді. Шарада “Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік қайдан шығады?” тақырыбында пікір алаңы ұйымдастырылды. Пікір алаңына Алатау аудандық сотының судьясы Давлетниязов Талғат, аудандық Соттың бас маманы Серіков Ержан Әбдікәрімұлы, Алатау ауданы ПБ ЖПҚБЮПБ аға инспекторы полиция майоры Алиева Ақерке Оразханқызы және жасөспірімдер істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, капитан Әкбаров Жасұлан Сәрсенұлы қатысты.
3 сәуір күні, Алатау аудандық ЖПКБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Ишмұханбет С.Р және Тұрсынжан М.Б, мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мустафинова Гаухар Советкызы мен мектеп ұжымы 8-11 сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтау, квадроцикл, мопед, скутер, мотоциклдердің кәмелетке толмаған жасөспірімдерге зияны мен зардабы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
16 қазан күні, “Құқықбұзушылық және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында 8-11 сыныптар аралығында, Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция лейтенанты Кускеев Нұрбол, мектеп инспектор аға лейтенант Ишмұханбет Сұлтан, ДТІЖО және мектеп психологымен бірлесе отырып дәріс оқылып кеңес берілді.
Келесі оқу жылына оқу-тәрбие үрдісін және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар бар ма?
Келесі оқу жылына оқу-тәрбие үрдісін және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту үшін бірнеше нақты ұсыныс ұсынуға болады. Оларды негізгі бағыттар бойынша топтастыруға болады. Атап айтсақ, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар: Оқушылардың қабілет деңгейін ескере отырып, саралап оқыту әдістерін жүйелі қолдану; Қабылдауына қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар немесе менторлық қолдау ұйымдастыру; Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша мұғалімдер мен оқушыларға семинарлар өткізу; Пәнаралық жобалар жасау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру; Жоба жұмыстарына шығармашылық элементтер қосу (видео, презентация, подкаст); «Қазақ халқының ұлттық құндылықтары» тақырыбында ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын өткізу; Әлеуметтік дағдыларды (эмпатия, топта жұмыс істеу, көшбасшылық) дамытуға бағытталған тренингтер жүргізу; ІТ, робототехника, театр, дебат, экоклуб сияқты заманауи бағыттағы үйірмелер ұйымдастыру; Оқушылардан сауалнама алып, сұранысқа ие бағыттарды анықтау; Мектепішілік, аудандық және қалалық, республикалық, халықаралық іс-шараларға белсенді қатысу: Квест, дебат, шығармашылық байқаулар, интеллектуалды ойындар өткізу. Аталған шараларға қатысып, жыл ішінде жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау жүйесін енгізу. Ата-аналармен байланысты нығайту: «Ашық есік күндері», «Ата-ана – сынып жетекші – оқушы» үштік байланысын дамыту. Ата-аналарды кейбір сыныптан тыс шараларға тарту (шеберлік сыныптары, пікірталастар). Волонтерлік жобаларға қатыстыру (тазалық акциялары, қарттарға көмек, экологиялық іс-шаралар). «Жақсылық жаса», «Алғыс айту», «Анаға алғыс» күндері немесе челлендждер ұйымдастыру.
3.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТЫ
Қауіпсіздік жағдайлары немесе жарақаттар туралы хабарланды ма? Алдағы уақытта олардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданды?
Иә, мектепте кейбір қауіпсіздік жағдайлары мен жеңіл жарақаттар тіркелді. Бұл оқиғалар негізінен спорт залында, аулада, үзіліс кезінде орын алды. Алдағы уақытта олардың алдын алу үшін: Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар күшейтілді,
Спорт жабдықтары тексерілді,
Мұғалімдер мен оқушыларға қосымша нұсқаулар берілді,
Оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсат – келешекте мұндай жағдайлардың болмауын қамтамасыз ету.
Алдағы уақытта олардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Алатау аудандық ЖПКБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Ишмұханбет С.Р және Тұрсынжан М.Б, мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мустафинова Гаухар Советкызы мен мектеп ұжымы 8-11 сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтау, квадроцикл, мопед, скутер, мотоциклдердің кәмелетке толмаған жасөспірімдерге зияны мен зардабы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алатау аудандық ЖПКБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Ишмұханбет С.Р және Тұрсынжан М.Б, мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мустафинова Гаухар Советкызы мен мектеп ұжымы 1-4 сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтау, квадроцикл, мопед, скутер, мотоциклдердің кәмелетке толмаған жасөспірімдерге зияны мен зардабы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Есірткі заттарын, алкогольді ішімдіктерді, темекі шегуді қолданудың алдын алу жұмысы. Бұл бағытта Психикалық денсаулық орталығымен жұмыс ұйымдастырылды.
Сынып жетекшілер жоспарға сәйкес «Бақытты әрі қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыс жүргізуде. СПИД орталығы мен Наркологиялық орталық мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Алатау аудандық Білім бөліміне қарасты Алматы қаласы Білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен, мектеп оқушыларымен мектебіміздің психологтары «Нашақорлық, лудомания, интернет тәуелділіктін алдын – алу» тақырыбында, семинар – тренинг өткізді.
Мектеп жағдайында қорлаудың және басқа да зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары қалай жүргізілді?
Үш мектеп ұжымында (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) құқықтық жалпы білім беру, жасөспірімдерге профилактикалық есепке алу жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың өмірқауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу мен буллингке жол бермеу мақсатында мектепте QR-код түрінде заманауи технологияларды пайдалана отырып, "Сенім бұрышы" әр сыныпқа жеке-жеке қойылды. Оқушылардан түскен шағым мен жазған жазбалары бойынша (фактілері) мектепте арнайы папка басталды, түскен шағымдарды журналға тіркеп, ескерту, профилактикалық алдын-алу жұмыстары атқарылуда. ПБ өкілдерімен бірлесіп кәмелетке толмағандар үшін, сондай-ақ ПБ ЖПҚБ ЮПБ-де есепте тұрған тұлғалар үшін мектеп есебінде және тәуекел тобында тұрған балалармен оқыту дәрістерін өткіздік. 1-10 сынып оқушыларына «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында жиналысы болып өтті. Аталмыш шарада №25 қалалық емхана жанындағы Жастар орталығының психологы ТурсынмахамбетқызыЗульфия зиянды заттардан аулақ болу туралы айтса, Алатау ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Ишмұханбет Сұлтан және полиция лейтенанты Құскеев Нұрбол Берікұлы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және панасыз қалуына жол бермеу мақсатында ата-аналармен ай сайын жиналыстар өткізу және заңды өкілдердің ҚР заңнамасы алдындағы жауапкершілігін түсіндіру жүзеге асырылды. Кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі заттарын және электрондық темекіні пайдалануына жол бермеу, сондай-ақ олардың зияны туралы ай сайын тақырыптық ашық сабақтар өткізілді.
Аз қамтылған, қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандар үшін кинотеатрларға, цирктерге, мұражайларға және басқа да мәдени орталықтарға серуендеулер ұйымдастырылды. М.Әуезов атындағы драма театрына апарылды.
Мектептегі психологиялық ахуал қандай? Білім алушылар мен мұғалімдердің эмоционалдық әл-ауқатының деңгейін қалай бағалайсыз?
Мектептегі психологиялық ахуал – бұл оқушылар мен мұғалімдердің эмоционалдық жай-күйі мен өзара қарым-қатынасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Эмоционалды қолайлы орта оқу процесінің тиімділігі мен білім сапасына ықпал етеді.
Оқушылардың жағдайы:
- Эмоционалдық қолдау: Зерттеулер көрсеткендей, мұғалімдердің эмоционалдық қолдауы оқушылардың психологиялық саулығына оң әсер етеді. Мұғалімдердің эмпатиясы мен қолдауы оқушылардың өзін қауіпсіз сезінуіне, мотивациясының артуына және академиялық үлгерімінің жақсаруына ықпал етеді .
- Мұғалімдердің рөлі: Мұғалімдердің эмпатиясы мен эмоционалдық қолдауы оқушылардың өзін қауіпсіз сезінуіне, мотивациясының артуына және академиялық үлгерімінің жақсаруына ықпал етеді .
Мұғалімдердің жағдайы:
- Жұмыс жүктемесі мен күйзеліс: Мұғалімдерге арналған әлеуметтік-эмоционалдық оқыту (SEL) бағдарламалары олардың күйзеліс деңгейін төмендетуге және эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға көмектеседі. Бұл бағдарламалар мұғалімдердің өз эмоцияларын басқаруына және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуына септігін тигізеді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушыларға қандай қолдау шаралары көрсетілді?
Өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға көрсетілетін қолдау шаралары
- Психологиялық кеңес беру:
- Мектеп психологтары: Мектеп психологтары топтық терапия сеанстарын өткізіп, оқушыларға өз тәжірибелерімен бөлісуге, эмоцияларын түсінуге және күрделі жағдайларды еңсеруге көмектеседі .
- Әлеуметтік жұмысшылардың қолдауы:
- Ата-аналармен және мұғалімдермен ынтымақтастық: Мектеп әлеуметтік жұмысшылары ата-аналармен және мұғалімдермен тығыз байланыста жұмыс істеп, оқушылардың эмоционалдық қажеттіліктерін анықтауға және тиісті қолдау көрсетуге көмектеседі.
- Құрдастардың қолдауы:
- Құрдастармен кеңес беру: Мектептерде құрдастармен кеңес беру бағдарламалары арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, қиын жағдайларды бірге еңсере алады.
4.МАТЕРИАЛЬДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ РЕСУРСТАР
Оқу жылында бөлінген бюджет қаражаты қаншалықты тиімді игерілді?
Бюджет қаражаты атап айтқанда, материалдық базаны жақсартуға қарастырылады. 2 қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті, 1 география кабинеті, алғашқы әскери дайындық кабинеті, инклюзия кабинеті жасалынып кабинеттер толықтай жабдықталды. Мектепке АКТ залына LED экран алынды, 20 моноблок, 20 шақты 3в1 принтер, панель сынды техникалар алынды. Мектептің ағымды жөндеу жұмысына шатырды жөндеу, калидорлар жөнделеді, біраз кабинеттер линелиумдары ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мектепті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз бар ма?
Мектепті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша бірнеше ұсыныс ұсынуға болады:
Компьютер сыныптарын жаңарту және кеңейту қазіргі заман талабына сай техникалармен жабдықтау.
STEАM және робототехника кабинеттерін сыйымдылыққа сай ашу – оқушылардың техникалық бағытта дамуына жағдай жасау.
Жабдықтар мен оқу құралдарын цифрлық форматқа көшіру – планшет, интерактивті платформа қолдану.
Энергия үнемдейтін технологияларды енгізу – жарықтандыру, жылыту жүйелерін жаңарту.
Спорт және өнер жабдықтарын жаңарту – оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ету үшін.
Мұғалімдерге арналған техникалық қолдау көрсету – ноутбук, принтер және басқа қажетті құралдармен қамтамасыз ету.
5.КЕЛЕСІ ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖОСПАР ҚҰРУ
Білім беру бағдарламаларына немесе оқу үдерісін ұйымдастыруға қандай өзгерістер енгізу жоспарлануда?
Елімізде білім беру бағдарламалары мен оқу үдерісін ұйымдастыруда 2024–2025 оқу жылында бірқатар маңызды өзгерістер мен жаңашылдықтар енгізілуде. Ол өзгерістер білім сапасын арттыру, цифрландыруды дамыту және инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, STEАM пәндері мен жобалық жұмыстарды енгізу: Оқушылардың қызығушылығын арттыру және белсенділігін жоғарылату үшін STEАM пәндері мен жобалық жұмыстар оқу бағдарламаларына енгізу. Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл мен ағылшын тілі пәндерін оқыту қарқынын күшейту: Оқу жоспарының вариативтік компонентін ұлғайту арқылы жоғары сыныптарда осы пәндерді оқыту қарқыны күшейту. Ұлттық құндылықтарды дамыту: Оқушыларды адамгершілікке, Отансүйгіштікке, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар өткізу жоспарлау.
Мақсатына жету үшін мектепке қандай қосымша қолдау немесе ресурстар қажет болуы мүмкін?
Мектептің мақсатына сапалы білім беру, оқушылардың жан-жақты дамуы, қауіпсіз орта құру, тәрбие сынды дүниелер жатады. Ал осы мақстарға жету үшін төмендегідей ресурстар қажет: Сыйымдылыққа байланысты және қазіргі техниканың өрлеу заманында барлық кабинеттерге компьютерлер, интерактивті тақталар, интернетке қол жеткізу жылдамдығын күшейтсе; Зертханалық құрал-жабдықтар (физика, химия, биология пәндеріне); Кітапхана қорының жаңартылуы, электронды ресурстарға қолжетімділік.
Курстар, семинарлар, вебинарлар; Заманауи оқыту әдістерін үйрету; Педагогикалық тәжірибе алмасу бағдарламалары.
Оқушыларға арналған үйірмелер (робототехника, программалау, өнер, спорт); Қосымша дайындық курстары (ҰБТ, олимпиадалар, халықаралық тесттерге дайындау).
Мектеп психологының жұмысын дамыту; Қиын жағдайдағы оқушыларға көмек көрсету; Оқушылар мен ата-аналар үшін кеңес беру.
Ата-аналар жиналыстарының мазмұнын арттыру;Үй тапсырмаларын бақылауда ата-аналардың белсенді қатысуы; Мектеп өміріне ата-аналарды тарту.
- ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Жыл бойы мектеп алдында қандай қиындықтар болды? Оларды қалай жеңді?
Жыл бойы мектеп алдында біраз қиындықтар болды. Оларды атап айтсақ: Оқушылардың сабақ үлгерімі төмендеп, білім деңгейі әртүрлі болды. Мектеп қосымша сабақтар, кеңес беру, деңгейге сай тапсырмалар беру арқылы білім алшақтығын азайтуға тырысты. Кейбір пәндер бойынша маман жетіспеуі немесе жиі ауысып отыруы оқыту сапасына әсер етті. Шешім ретінде мектеп білікті мамандарды тартуға жұмыс істеуге көшті.
Мектеп директорларының жиналыста талқылайтын сұрақтары немесе ұсыныстары бар ма?
Әрине, ұсыныстар болады. Мектеп директорларының жиналысында талқылайтын сұрақтары мен ұсыныстары көп жағдайда мектепті басқаруды ұйымдастыру, білім сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарын жетілдіру, жан-жақты тиімді әдіспен ұйымдастыру сынды мәселелеріне қатысты болады. Атап айтатын болсақ, оқушылардың тәртібі мен мектеп ішіндегі ахуал; әлеуметтік желідегі оқушылардың әрекеттері; құқықбұзушылықтың алдын алу, білім сапасын көтеру сынды мәселелер. Мектеп ішіндегі бейнебақылау, күзет қызметі; Асхананың санитарлық жағдайы; Кадр мәселелері (жетіспеушілік, ауысымдар) ;Жөндеу жұмыстары, жаңа жабдықтар қажеттілігі; Ұсыныстар мысалдары:
Әр тоқсан соңында пән мұғалімдерінің сапалық талдауын жасау;
Жас мамандарға тәлімгерлік жүйесін күшейту;
Мектепішілік олимпиадалар мен сайыстарды жиі өткізу;
Қауіпсіздік мақсатында «мектепке бөгде адамдардың кіруін» шектеу;
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін үйірмелер түрлерін арттыру.
Мектептер жыл ішінде жүзеге асырылған озық тәжірибелер мен табысты бастамаларды ұсынуға дайын ба?
Көптеген мектептер жыл ішінде жүзеге асырылған озық тәжірибелер мен табысты бастамаларды ұсынуға дайын. Бұл – педагогикалық шеберлікті арттыру, тәжірибе алмасу және білім беру сапасын жақсарту мақсатында маңызды қадам. Атап айтсақ, озық тәжірибелер негізделген тұжырымдар:
1.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тиімді әдістемелер
2.Цифрлық технологияларды қолдану
3.STEM, STEAM жобаларын жүзеге асыру
4.Инклюзивті білім беру тәжірибелері
5.Құндылыққа негізделген тәрбие жұмыстары
6.Мектеп пен ата-аналар арасындағы серіктестікті нығайту жобалары
7.Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту бастамалары
Мектептердің осындай тәжірибелерді жинақтап, білім беру форумдарында, әдістемелік бірлестіктер отырысында немесе ғылыми-практикалық конференцияларда таныстыруы – олардың кәсіби дамуына және басқа білім ұйымдарына үлгі болуына ықпал етеді.
- ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ (9 ЖӘНЕ 11 СЫНЫПТАР) ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ:
Емтихан өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рәсімдерді сақтау
Емтихан өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рәсімдерді сақтау - білім беру мекемелерінде емтиханның әділ, ашық және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін маңызды. Төмендегідей қауіпсіздік шаралары іске асырылып, академиялық адалдықты сақтау іске асырылады:
- Қауіпсіздік шаралары.
Емтихан өтетін жерге тек рұқсат етілген тұлғалардың (мұғалімдер, бақылаушылар) кіруін қамтамасыз ету.
Емтихан өкізілетін оқу кабинеттеріне көмекші құралдарды, тыйым салынған материалдарды (шпаргалка, телефон, электрондық құрылғылар) алып кіруді болдырмау.
Оқушылардың өздерімен бірге тек рұқсат етілген заттарды ғана алып кіруіне мұқият назар аудару (қалам, өшіргіш, сызғыш және т.б.);
Бақылаушыларды алдын ала нұсқап, олардың бейтарап әрі белсенді болуын қамтамасыз ету;
Бір партаға жеке бір оқушыдан отырғызылады;
Медициналық көмек көрсету пункті, кезекші медицина қызметкері дайын тұрады;
- Емтихан рәсімдерінің сақталуы.
- Емтихан басталар алдында жауапты мұғалімдер оқушыларды тізім бойынша тексеріп, аудиторияға кіргізуді ұйымдастырады.
- Емтиханның өту тәртібімен алдын ала таныстырылады.
- Уақыты нақты белгіленген – емтихан дәл уақытында басталуы тиіс.
- Байқаушы және жауапты мұғалімдер емтихан аяқталғанға дейін өз орындарында отыруы міндетті.
- Жауап парақтары мен материалдар емтихан аяқталғаннан кейін ретімен жинақталып, белгіленген тәртіппен тапсырылады.
- Барлық емтихан материалдары құпия түрде сақталып, уақтылы жеткізіліп тұрады.
- Дисциплина және бақылау.
- Оқушылардың тәртіп бұзуы немесе көшіру әрекеті байқалса, ол дереу актімен рәсімделіп, мектеп әкімшілігіне хабар берілуі қажет.
9,11 сыныптарда қорытынды аттестаттау емтихандары, «5-8, 10 сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау емтихандарын өткізу тәртібі туралы оқушылар жиналысы өткізіліп, консультациялар берілді.
Түлектер мен олардың ата-аналарын ереже мен рәсімдер туралы хабардар ету.
9,11 сыныптарда қорытынды аттестаттау емтихандары, «5-8, 10 сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау емтихандарын өткізуге дайындық бойынша ата-аналар жиналысы өткізіліліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыстар міндетті түрде мектеп басшысының қатысуымен өтті.
Апелляция және қайта тапсыру мәселелерін талқылау.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес, білім алушылардың білімін бағалауға қатысты келіспеушілік болған жағдайда, апелляцияға беру және қайта қарау тәртібі көзделгендігі және «Апелляция» туралы (оқушы немесе оның заңды өкілі (ата-анасы) емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда, белгіленген мерзімде арнайы комиссияға жазбаша өтініш беру арқылы бағалауды қайта қарауға ұсыныс жасау құқығы) түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АЯҚТАУ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫ КЕЛЕСІ СЫНЫПҚА КӨШІРУ:
Аралық аттестаттау өткізу тәртібі.
Аралық аттестаттау – бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде бағалау кезеңі болып табылады. Аралық аттестаттауды өткізудегі мақсат: Білім алушылардың белгілі бір пән немесе модуль бойынша меңгерген оқу бағдарламаларының деңгейін анықтау, жыл соңында оқу жетістіктерін бағалау, оқу үрдісінің сапасын бақылау және оны жетілдіру.
Негізгі орта білім 5-8 сынып, жалпы орта білім 10 сыныптарда "Қазақ тілі" пәнінен емтихандар мынадай мерзімдерде өткізіледі:
- 5, 6 сыныптар білім алушыларының қазақ тілі пәнінен емтихандар - 2025 жылғы 26 мамыр;
- 7, 8 сыныптар білім алушыларының қазақ тілі пәнінен емтихандар - 2025 жылғы 27 мамыр;
- 10 сыныптар білім алушыларының қазақ тілі пәнінен емтихандар – 2025 жылғы 29 мамыр.
Негізгі орта білім 5-8 сынып, жалпы орта білім 10 сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен емтихандар тапсыратын оқушылар саны төмендегідей:
5- сыныптар бойынша – 268 оқушы;
6- сыныптар бойынша – 307 оқушы;
7- сыныптар бойынша – 293 оқушы;
8- сыныптар бойынша – 270 оқушы;
10- сыныптар бойынша – 159 оқушы.
Оқушыларды көшіру бойынша педагогикалық кеңестер ұйымдастыру.
2024-2025 оқу жылыныңы оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2025 жылдың 23 мамыр күні «2024-2025 оқу жылын аяқтау, 1-4 сынып білім алушыларын сыныптан сыныпқа көшіру, 5-8,10 сынып оқушыларын қорытында аралық аттестаттау емтихандарына жіберу және 9-11 сынып білім алушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарына жіберу» туралы педагогикалық кеңес өткізіледі.
Шартты көшіру және қайта оқу мәселелері.
2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы негізінде 1 сынып оқушыларының оқу жетістігі бағаланбайтындықтан 1 сыныптар бойынша барлығы – 157 оқушы, бөлімді жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау негізінде оқу жылын аяқтаған 2-4 сыныптар бойынша 566 оқушы, барлығы 723 оқушы сыныптан сыныпқа көшіріледі.
2025 жылдың 23 мамырдағы №7 педагогикалық кеңес шешімімен бөлімді жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау негізінде оқу жылын аяқтаған 5-8,10 сынып оқушылары «Қазақ тілі» пәнінен өтетін аралық аттестаттау емтиханына, 9,11 сынып оқушылары мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарына жіберіледі.
- СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕН БІТІРУ ІС-ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ:
Іс-шара өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Соңғы қоңырау іс-шарасы кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезекшілік кестесі құрылып, педагогикалық ұжым мүшелері, сынып жетекшілер мен техникалық қызметкерлер арасында нақты жауапкершілік жүктеліп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Мектептің медициналық қызметкері мен психологтары ірі іс-шаралар кезінде үнемі қатысып, қажет болған жағдайда шұғыл көмек көрсетуге әркез дайын тұрды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен және учаскелік инспектормен бірлесе отырып, мерекелік және ашық іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін шарада сөз алып, нақты Заңдармен таныстыру жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/DJ5xglrMVKW/?igsh=cmV0aWxpdWtmd2Ji&img_index=1
Мерекелік іс-шаралар өткізу кезінде жауапты адамдарды бекіту.
Мерекелік іс-шара алдында жауапты мұғалімдер мен ұйымдастырушы топ арнайы бұйрықпен бекітілді. Жауапты тұлғалар іс-шараның мазмұны мен сценарийін дайындауға, қатысушылардың тәртібі мен дайындығын бақылауға, техникалық құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ұйымдастырылған шаралар барысында оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін орта қалыптастыру басты назарда болды.
- ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ:
Жазғы сауықтыру науқанына дайындық.
- Жазғы мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысын және жазғы маусымның басқа формаларын жоспарлау:
- Мектеп жанындағы жазғы лагерьлерді ұйымдастыру мерзімдері мен ауысым сандарын белгілеу;
- Оқушылардың қызығушылығына сай әртүрлі бағыттағы бағдарламалар әзірлеу (спорттық, шығармашылық, экологиялық және т.б.);
- Балаларды лагерьге қабылдау тәртібі мен тізімдерін қалыптастыру;
- Мұғалімдер мен тәрбиешілер құрамын бекіту.
- Жазғы лагерьлердегі қауіпсіздік және тамақтандыру мәселелері:
- Өрт қауіпсіздігі, санитарлық талаптар және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық жүргізу;
- Медицина қызметкерінің және жауапты тұлғалардың бекітілуі;
- Балаларға сапалы және теңгерімді тамақ ұйымдастыру (санитарлық нормаларға сай);
- Ата-аналарға қауіпсіздік ережелері туралы толық ақпарат беру.
- Балалардың жазғы демалысы мәселелері бойынша басқа бөлімшелермен өзара әрекеттесу:
- Мәдениет, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау салаларының мекемелерімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;
- Қалалық немесе аудандық лагерьлерге жолдама алу және бөлу жұмыстарын үйлестіру;
- Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, балалардың демалыс кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Ата-аналар комитетімен тығыз байланыс орнатып, ұсыныстар мен пікірлерді ескеру
Жазғы лагерьлердегі қауіпсіздік пен тамақтану мәселелері – балалар денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі негізгі міндетіміз. Бұл екі бағыт бойынша нақты талаптар мен ұйымдастыру шаралары болуы тиіс. Қауіпсіздік ережелері байынша нұсқаулық бектілді. Мектебімізде лагердегі 500 оқушы тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Асханадағы тазалық, ыдыс жуу, тамақты сақтау тәртібі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, асхана қызметкерлері медициналық кітапшамен, санитарлық нормаларға сай жұмыс істейді.
Жазғы мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысын және жазғы маусымның басқа формаларын жоспарлау демалыс.
Мектепшілік жазғы лагерь балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру басты міндеті. Ол үшін балалардың қауіпсіздігін, сапалы демалысын және толыққанды тәрбиелік мәні бар бағдарламаларды қамтамасыз етуде бекітілген жоспарға сәйкес отряд мүшелері өз уақытында балаларды ойын-сауық орталықтарына, театрларға, саябақтарға, танымдық музейлерге т.б. орталықтарға апарады.
- БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ:
Білім сапасын мониторингтеу:
2024-2025 оқу жылының 4-тоқсаны бойынша білім сапасының мониторингі
№ | Сыныптар | Жалпы оқушы саны- | үздік | екпінді | үлгерім | Сапа |
1 | 2-4 | 912 | 168 | 374 | 100% | 59,43% |
2 | 5-9 | 1454 | 114 | 612 | 100% | 49,93% |
3 | 10-11 | 274 | 27 | 119 | 100% | 53,28% |
4 | 2-11 | 2640 | 309 | 1105 | 100% | 53,56% |
2024-2025 оқу жылының жылдық бойынша білім сапасының мониторингі
№ | Сыныптар | Жалпы оқушы саны | үздік | екпінді | үлгерім | Сапа |
1 | 2-4 | 912 | 180 | 376 | 100% | 60,96% |
2 | 5-9 | 1454 | 131 | 612 | 100% | 51,10 % |
3 | 10-11 | 274 | 30 | 126 | 100% | 56,93% |
4 | 2-11 | 2640 | 341 | 1114 | 100% | 55,11% |
Білім сапасын арттыру шараларын талқылау.
Білім сапасын арттыру – бұл қоғамның, мемлекеттің және әрбір білім беру мекемесінің басты міндеттерінің бірі. Білім сапасын жақсарту кешенді әрі жүйелі тәсілді талап етеді. Бұл екі жағдайда іске асады, бірі – педагогтердің кәсіби жетістіктері, екіншісі – оқушылардың жетістіктері.
Инклюзивті білім беру мәселелерін қарастыру.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар (ЕББҚ) саны:
Барлығы: 32 оқушы. Оқушылар жалпы білім беру сыныптарында білім алуда.
Оқулықтармен қамтамасыз етілуі:
ЕББҚ оқушылары 100% оқулықтармен қамтылған.
Пән мұғалімдерінің біліктілігі:
Инлюзия сыныптарына 123 мұғалім сабақ береді. Пән мұғалімдерінің 90%-ы инклюзия бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қалған мұғалімдерге біліктілікті арттыру курстарына қатысу жоспарланған.
Инклюзия кабинеті:
Инклюзия кабинеті 100% қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Дефектолог, психолог, педагог-ассистент жұмыс істейді. Ойын және дамыту құралдары, әдістемелік материалдар жеткілікті.
Жетістіктер :
· “Айналайын” қалалық фестивалінің аудандық кезеңінен 3 “Б” сынып оқушысы Айтуған Алтынай бас жүлдеге ие болды.
· “Айналайын” қалалық фестивалінен 3 “Б” сынып оқушысы Айтуған Алтынай ІІІ орынға ие болды.
Семинар жұмысы:
Мектепішілік мұғалімдерге инклюзия тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында ерекше балалармен жұмыс жүргізу әдістері, педагог-ассистенттің міндеттері, психологиялық қолдау көрсету жолдары таныстырылды.
Инклюзия кабинетіндегі жабдықтармен таныстыру ұйымдастырылды.
Қорытынды:
Мектепте инклюзивті білім беру бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың сапалы білім алуына, әлеуметтік бейімделуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына барлық жағдай жасалған. Инклюзивті білім беру мәселелері директор жанындағы кеңесте, педагогикалық кеңестерде қарастырылып отырады.
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ:
Буллинг және кибербуллинг жағдайларын қарастыру және олардың алдын алу шаралары.
Жасөспірімдер полициясымен бекітілген жұмыс жоспары бар. Балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты жұмыс жоспарын жүзеге асыру және оқушыларға құқықтық білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық негіздері пәні мұғалімдері О.Р.Ахметкаримова, С.Ә.Адильшеева, Ж.М.Бегманова 10-сынып оқушыларымен “Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесі” тақырыбында құзырлы мекеме қызметкерлерімен бірлескен шара өткізді. Шарада “Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік қайдан шығады?” тақырыбында пікір алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға 100 оқушы қатысты.
Пікір алаңына Алатау аудандық сотының судьясы Давлетниязов Талғат, аудандық Соттың бас маманы Серіков Ержан Әбдікәрімұлы, Алатау ауданы ПБ ЖПҚБЮПБ аға инспекторы полиция майоры Алиева Ақерке Оразханқызы және жасөспірімдер істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, капитан Әкбаров Жасұлан Сәрсенұлы қатысты. Оқушылар жасөспірім баланың жаңа өсіп келе жатқан жас бұтақ сияқты екенін, оны қалай баптасаң, солай өсіп, сондай жеміс беретінін айтты. Ата-ананың әрбір жасаған қимылы - балаға берген тәрбиесі. Бала - ата-анасының айнасы. Ата-ана қалай тәрбиелеп, қалай бағыттайды, бала солай қарай ұшатынын, сонымен қатар өзіндік оң ой, көзқарастың болу керектігін айтып, пікір алаңын қорытындылады. Мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мектеп инспекторы Ишмұханбет С., аға лейтенанты М. Тұрсынжан мен бірлесіп, оқушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оқушыларға жасөспірімдердің колониядағы өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Мектеп инмспекторлары оларға бос уақыттарында спортпен айналысуға кеңес берді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Кеңес отырыстарының өткізілуі (айына бір рет), қабылданған шешімдердің орындалуы.
2023-2024 оқу жылына арналған құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. Кеңестің құрамын бекітілді. Жұмыс жоспары бекітілді. 2023-2024 оқу жылындағы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарының есебі жасалынып, 2024-2025 оқу жылындағы кеңес отырысының жұмыс жоспары құрылып жұмыстар атқарылды. Оқушылардың жеке істерін қарау – мектепішілік есепке қою және одан шығару жұмыстары атқарылуда. Оқушылардың сабақтан қалу мәселесі қаралды.Оқушылардың жеке істері қаралды.
Психологтың есепте тұрған оқушылармен жүргізген түзету жұмыстары жүргізілді. Мектепішілік, қауіпті топтарда тұрған оқушыларды бақылау мәселелері қаралды.
- БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:
Оқушылар мен қызметкерлерге арналған қауіпсіздік нұсқаулықтарын өткізу.
Оқушылардың құқықтық білімдерін және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстау мақсатында қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар берілді.
Қызметкерлерге арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары өткізіліп, журналға танысу туралы қол қойылды. Қақпаны орнатудағы мақсат: мектеп аумағына рұқсатысыз адамдардың кіруіне тосқауыл қойып, оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ішкі істер органдарымен және басқа қауіпсіздік қызметтерімен өзара іс-қимыл.
Оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары, қоғамдағы заң талаптарының маңыздылығы, мектеп формасын кию ережелері мен мектепішілік тәртіп талаптары туралы ақпарат берілді. Оқушыларға мектеп формасының маңыздылығы, оның мектептегі тәртіпті сақтау мен білім беру үрдісіне әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, педагогикалық мәртебе мәселелері қарастырылып, мұғалімдердің әлеуметтік және кәсіби рөлдері туралы пікір алмасу жүргізілді. Мектептің ішкі тәртібі, жасөспірім және қылмыс, әлімжеттік күш көрсету, бопсалау, ұрлық, құқықбұзушылық, оның алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік берді.
- БІЛІМДІ ЦИФРЛАНДЫРУ:
Педагогтарды техникалық қолдау және оқыту мәселелерін қарастыру.
Педагогтарды техникалық қолдау және оқыту – білім беру сапасын арттыруда маңызды бағыттардың бірі. Бұл бағытта жыл бойында аталмыш жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, техникалық қолдау. Мектеп инфрақұрылымын жақсарту: Компьютерлік сыныптарды жаңарту. Wi-Fi желісімен қамтамасыз ету. Интерактивті тақталар мен проекторларды орнату. Педагогтерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету: Мұғалімдерге ноутбук, планшет, принтерлер беру. Қашықтан оқыту кезінде арнайы жабдықтармен қолдау көрсету. Техникалық қызмет көрсету: Мектеп ішінде IT-мамандардың көмегімен техниканың үнемі жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Проблемалар туындағанда жедел техникалық көмек көрсету. Екіншіден, педагогтерді оқыту. Цифрлық сауаттылық курстары: BilimLand, Kundelik, Google Classroom, Zoom, Microsoft Teams сынды платформаларды қолдану бойынша оқыту. Электрондық журналдар мен күнделіктерді толтыру тәртібімен таныстыру. STEАM, робототехника және бағдарламалау курстары: Мұғалімдерге жаңа технологиялармен жұмыс істеуді үйрету. Оқушылардың IT-білімін дамыту үшін мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.
Педагогтерге көрсетілген техникалық қолдау мен кәсіби оқыту – білім беру процесінің заманауи талаптарға сай жүргізілуін қамтамасыз етті. Бұл – мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, білім сапасын арттыруға да зор үлес қосты.
Электрондық білім беру ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау.
Электрондық білім беру ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау – заманауи білім берудің ажырамас бөлігі. Бұл талдау электрондық құралдардың оқу үдерісіне әсерін, оның оқушылар мен мұғалімге тигізер нақты пайдасын анықтауға бағытталған. Атап көрсетсек, қолданылған негізгі электрондық ресурстар: Bilimland, iTest, Twig, Moodle – пәндік білімді тереңдетуге арналған мультимедиялық контент. Kundelik.kz – оқу процесін бағалау және ата-анамен кері байланыс орнату құралы. Zoom, Google Meet, Microsoft Teams – қашықтан сабақтар өткізу платформалары. Online Mektep – қазақстандық оқушыларға арналған онлайн платформа. Электрондық ресурстар арқылы оқушылар кез келген уақытта, кез келген жерде білім ала алады. Тиімділігін айтсақ әсіресе үй тапсырмасын орындауда, қосымша дайындықта және білімін толықтыруда өте пайдалы. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Интерактивті тапсырмалар, анимациялар, бейнематериалдар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырумен қатар қабылдауының нәтижелі болуымен қамтамасыз етеді. Электрондық білім беру ресурстарын мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуімен ерекшеленеді. Дайын контенттер мен тестілер мұғалімге уақытты үнемдеуге көмектеседі. Сонымен қатар, саралап оқыту мен бағалауды автоматтандыру мүмкіндігі бар. Электрондық білім беру ресурстары – оқыту сапасын арттыратын, оқушы мен мұғалім арасындағы өзара байланысты жеңілдететін тиімді құрал. Оның дұрыс әрі жүйелі қолданылуы – заманауи мектептің басты жетістіктерінің бірі.
- КАДРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР:
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау:
«№156 алпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында аттестаттан өтетін мұғалімдерге әдістемелік кеңес болды. Биыл 53 мұғалім аттестациядан өтеді. Зерттеушіге - 13, сарапшыға-23, Модераторға-17 мұғалім өтініш берді. Тестен: Зерттеші-1, сарапшы-5, модератор-5 мұғалім өтпеді.
Әдістемелік кеңесте ҚР Оқу-ағарту министірінің 25.02.2025 жылғы №32 бұйрығымен мектеп директоры Темиргалиева Манар Бидахметовна таныстырды. ҚР Оқу-ағарту министірінің 2025 жылғы 25 ақпанындағы №32 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Туленова Гульнара Туленовна таныстырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңмен және педагогикалық әдеп қағидаларымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мустафинова Гаухар Советовна таныстырып өтті. ҚР Оқу-ағарту министірінің 2025 жылғы 25 ақпанындағы №32 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы түсіндірді. Аттестаттаудың жалпы ережесі, өткізу тәртібі, педагогтің білімін бағалау тәртібі, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі және т.б. ережелері туралы мұғалімдерге слайд арқылы көрсетті және мұғалімдердің тестілеу ережелері мен талаптарын сақтау міндеттелетіні, тестілеу кезінде тыйым салынған әрекеттер (электрондық құрылғыларды қолдану, көшіру, бөгде адамдармен байланыс орнату және т.б.) туралы түсіндірілді және осы 2025 жылы ОЗП тапсыратын әріптестерімізген мәдениетті түрде сабырлықты сақтау керектігін айта отырып сәттілік тіледі. Мұғалімдер арасында туындаған сұрақтарға жауап берді.
2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жаңа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру және Қазақстандағы сыбайласжемқорлық деңгейін төмендету арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқолыққа қарсы қозғалысқа тарту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның негізгі ережелері баяндалды. Мұғалімдердің заң талаптарын сақтауына ерекше мән беру қажеттілігі атап өтті.
Педагогтерге Педагогикалық әдеп қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделгені туралы (адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және кадір-қасиетін құрметтеу, патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік, кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз кәсіби даму) туралы айта өтті. Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, мұғалімдердің кәсіби этикасы және өзара сыйластық қағидалары туралы баяндама жасады.
Шешімдер:
- Педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттарын сақтау және оны ұжымға түсіндіру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілсін.
- Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары қатаң сақталсын, осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын.
- Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, әсіресе тестілеу кезінде мұғалімдердің тәртібін қадағалау тапсырылсын.
- Жиналыс барысында айтылған барлық ұсыныстарды аттестатталатын педагогтар назарға алып және тиісті шаралар қабылдансын.
- Кестелерді және сертификаттау нәтижелерін қарау қатаң қолға алынсын
Қорытынды: Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелерін директор жанындағы кеңесте және әдіңстемелік кеңесте талқыланып отырады.
Келесі оқу жылына педагог кадрларына деген қажеттілікті талдау.
2025-2026 оқу жылына педагог кадрларына деген қажеттілікті талдау – бұл білім беру мекемелерінің, әсіресе мектептердің оқу процесін үздіксіз қамтамасыз ету үшін қанша және қандай біліктілікке ие мұғалім қажет екенін болжауға бағытталған маңызды қадам. Кадр тапшылығын болдырмау мақсатында жүктілікке және бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста отырған педагогтердің жұмысқа шығатындығы анықталады. Педагогикалық кадрлармен тиімді жоспар құрылып жұмыстар жүргізілуде. Мектепке орыс сыныптары мен бастауыш сыныптарға мамандар жетіспеу мәселесі – қазіргі кезде жиі кездесетін жағдай. Бұл жағдай біздің мектепте де келесі оқу жылына орыс сыныптарына және бастауыш сыныптарға география және математика пәндерінен кадрлар жетіспейтіндігін аңғартады. Мұндай жағдайда кадр тарту мен іріктеу процесін жүйелі және тиімді ұйымдастыру өте маңызды. Мұғалімдерді табудың алғашқы қадамы – бос жұмыс орындары туралы кеңінен хабарлаймыз. Мемлекеттік жұмыс порталдарына жариялаймыз. egov.kz, enbek.kz. Білім беру мекемелерімен байланысқа шығап, педагогикалық колледждер мен университеттердің карьера орталықтарымен байланыс орнатып, жас мамандарды тартамыз.
- ЖАС МАМАНДАР:
Мектеп жұмыс жоспары негізінде әдістемелік бірлестік жетекшілері жас мамандармен жоспар құрып, соның негізінде жас мамандармен мақсатты түрде жұмыстар жүргізілді.
Оқу жылының басында оқу-тәрбие жоспары негізінде жас мамандарға арналған жұмыс жоспары жасалып, құрастырылды. «Жас маман» мектебінің мақсаты:
Жас мамандардың кәсіби шеберлігін анықтау, ғылыми – әдістемлік деңгейін көтеру, қазіргі педагогикалық технологияларды, оқытудың формалары мен әдістерін үйрену мен меңгеруін ұйымдастыру, жұмысын әдістемелік көмек көрсету. Осы жоспар негізінде әдістемелік бірлестік жетекшілері жоспарлар құрып, соның негізінде жас мамандармен мақсатты жұмыстар жүргізілді.
2024-2025 оқу жылында мектепте 0-5 жыл педагогикалық өтілі бар 8 жас маман жұмыс істеп, оларға тәлімгерлер бекітілді. Бекітілген тәлімгер ұстаздар жас мамандарды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өтті. Маманның кәсіби деңгейін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Жүргізілген кеңестер мен әңгімелер арқылы күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындау және қолдану туралы кеңес берілді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды оқу бағдарламасы негізінде жасау және қысқа мерзімді жоспарды №130 бұйрық бойынша жазу керектігі ескертілді. Жас мамандармен өзара сабаққа кіруге жоспар құрылды. Сабақтарға кірген соң жас мамандармен кәсіби байланыс жасалды. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстыра отырып, өз тәжірибесінде нені жетілдіру керектігін өздері анықтап отырды.
Жоспар бойынша тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарына кіріп отырды. Алғашқы сабақтарына сыни көзбен қарау мақсатында емес, үйрету, бағыттау мақсатында қатысты. Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, түзету бағытында жүргізілсе және мектепке келген жас маманға үнемі қолдау көрсетіліп отырса, нағыз шебер ұстаз болып қалыптасуына оң әсер етері сөзсіз. Мектептің жақсы нәтижеге қол жеткізуіне жас маманның да қосар үлесі аз болмауы тиіс.
Олардың білім беру мекемелеріне бейімделуі мен бекітілуі мәселелерін қарастыру.
Жоспар негізінде сәуір айында жас мамандар «Жас келсе, іске...» ұранымен бірқатар ашық шаралар өткізді. Оқу-тәрбие жоспарының негізі бойынша 10.04.-17.04.2024ж. мектепте жас мамандардың қатысуымен «Жас келсе, іске» атты апталығы өтті.
Мақсаты:
Жас мамандардың кәсіби шеберлігін анықтау, ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру, қазіргі педагогикалық технологияларды, оқытудың формалары мен әдістерін үйрену мен меңгеруін ұйымдастыру, жұмысына әдістемелік көмек көрсету.
Жоспар негізінде сәуір айында жас мамандар «Жас келсе, іске...» ұранымен бірқатар ашық шаралар өткізді. Оқу-тәрбие жоспарының негізі бойынша 14-25.04.2025 ж. мектепте жас мамандардың қатысуымен «Жас келсе, іске» атты апталығы өтті.
Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби шеберлігін анықтау, ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру, қазіргі педагогикалық технологияларды, оқытудың формалары мен әдістерін үйрену мен меңгеруін ұйымдастыру, жұмысына әдістемелік көмек көрсету.
Мұсатаева Н.М., 07.04.2025 жылы өтілген 3 «Д» сыныбындағы әдебиеттік оқу пәнінен «Таза бұлақ» Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында сабақ талдауы
Пікір. Мұғалімнің бірінші іс-әрекеті ұйымдастыру кезеңі болды. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қарастыра алды. «Ішкі үндестік» арт терапиясы балаларға жағымды әсер етті.
Қалыптастырушы бағалау «Домбыра» әдісі арқылы жүзеге асатыны айтылды. Үй тапсырмасы сұралды. Үй тапсырмасын сұрауда «WardWall» платформасын тиімді пайдаланды.
Сабақ барысында жеке, топтық, жұптық жұмыстар өз орнымен регламентке сай жүргізілді.
Еркінбекова Д.Б., 4 «3» сыныбында 08.04.2024 жылы «Қазақстанның тұңғыш ғарышкері» тақырыбында ашық сабағын өтті.
Сабақ жоғары дәрежеде өтті. Тапсырмалар талапқа сай ұйымдастырылған. Тақырыпқа сай топқа бөлу орын алды. Оқушылар «Бір сурет, бес сөйлем» әдісі арқылы ғарышкер туралы ақпарат айтты. Тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырды. Оқулық бойынша барлық тапсырмалар орындалды. Бағалау «Classdojo.com» платформасы арқылы жүргізілді. Бағалау арқылы мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята алды. Интербелсенді тақта арқылы жұмыс жасалды. Тақырыпқа байланысты бейнежазбалар көрсетілді.
Сабақ толығымен жоспар бойынша болды. Тақырыптан ауытқу болмады. Оқушылар жаңа тақырыпты толық меңгерді. Сабақтың тәрбиелік мәні жан-жақты ашылды.
Жас мамандармен жұмыс туралы қорытынды: жас мамандар сабақты өткізу әдістемесін жақсы меңгерген; сабақ материалы; Олар тек оқу-тәрбие процесінің барысын ғана емес, сонымен қатар сабақтағы тәртіпті және сыныптағы оқушылар арасындағы қарым-қатынастың сипатын бақылауға тырысады. Оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың әртүрлі формаларын қолдануға назар аударылады.
Сабақтар мен қарым-қатынас сағаттары барысында оқу ынтасы төмен балалармен жұмыс жасауда проблемалар анықталды, атап айтқанда оларды белсенді оқу іс-әрекетіне тарту және тәртіпті сақтау мәселесі. Студенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысқа жеке көзқарасты жүзеге асыруда жас мамандар әрдайым табысқа жете бермейді.
2024-2025 оқу жылында жас мамандар әдістемелік кеңестерге белсене қатысып, конференцияларға, семинарларға, коучингтерге қатысты.
Сондай-ақ жас мамандар оқу жылында аудандық, қалалық семинарларға қатысты.
Мектептің жас мамандары Алматы қаласының білім беру ұйымдары басшыларының Швейцарияда «Жасанды интеллект енгізу: мүмкіндіктері мен болашағы» халықаралық тағылымдамадан өту бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуда. Бұл бағдарламаға қатысушылар курстарды сәтті аяқтады, содан кейін команда мүшелері халықаралық сертификаттарға ие болды.
Биылғы оқу жылында бастауыш сынып мұғалімі Ержан А.Е. «Өз жұлдызыңды жарқырат» аудандық байқауына қатысып, ІІІ орынға ие болды.
- ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Ағымдағы жылдың бюджетінің орындалуы:
Білім беру мекемелерінің кірістері мен шығыстарын талдау. Ағымдағы жылдың бюджетінің атқарылуы:
2025 жылдың жан басына шаққанда бөлінген қаражат соммасы – 1 820 800 000 теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінгені – 1 506 000 теңге, ал жергілікті бюджеттен бөлінгені – 1 819 294 000 тенге. Жергілікті бюджеттен жан басынан тыс қаржыландыруға бөлінгені – 495 249 000 теңге. Жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінгені – 1 324 045 000 теңгені құрайды. Атап айтқанда:
Жергілікті бюджеттен жан басынан тыс қаржыландыруға:
360/003/015/111 специфика «Жалақы төлеу» - 233 599 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 66 628 000 тенге.
360/003/015/113 специфика «Өтемақы төлемдері» - 1 007 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 0 тенге.
360/003/015/116 специфика «Міндетті зейнетақы жарналары жұмыс беруші» - 4 017 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 1 054 000 тенге.
360/003/015/121 специфика «Әлеуметтік салық» - 10 574 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 3 666 000 тенге.
360/003/015/122 специфика «Әлеуметтік аударымдар мемлекеттік фонд» - 10 106 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 2 860 000 тенге.
360/003/015/124 специфика «Міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға аударымдар» - 6 398 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 1 794 000 тенге.
360/003/015/149 специфика «Басқа тауарларды сатып алу» - 200 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 200 000 тенге. Мерзімді басылымдарға жазылу бойынша қызметке келісімшартқа отырып, қаржысы толық игерілді.
360/003/015/151 специфика «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» - 36 009 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 15 318 000 тенге. Суық суға – 4 179 000, Ағынды суларды бұруға – 1 652 000, Электроэнергияға – 13 767 000, Табиғи газға – 11 411 000 теңге келісімшарт жасалынды.
360/003/015/159 специфика «Басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» - 180 137 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 38 531 000 тенге. 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге – 135 884 628,45 теңге, қызметкерлер мен кіші қызметкерлерді оқыту қызметіне – 1 966 000 теңгеге, мектептің шарбағын қоршау жұмыстарына – 12 495 328 – теңге, «Кәмелетке толмағандарды бақылау және психологиялық қолдау жүйесі» бағдарламасы арқылы сайтқа кіру қызметтері – 752 000 теңгеге келісімшарт жасалынды.
360/003/015/163 специфика «Жалпыға ортақ қордың шығындары» - 12 902 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 12 902 000 тенге. Міндетті орта білім беру қорынан қамқорлықтағы, көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге – 12 901 404,39 теңгеге келісімшарт жасалынды.
Жергілікті бюджеттен жан басына шаққандағы қаржыландыруға:
360/040/015/111 специфика «Жалақы төлеу» - 987 201 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 315 111 000 тенге.
360/040/015/113 специфика «Өтемақы төлемдері» - 50 922 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 0 тенге.
360/040/015/116 специфика «Міндетті зейнетақы жарналары жұмыс беруші» - 16 486 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 5 330 000 тенге.
360/040/015/121 специфика «Әлеуметтік салық» - 44 509 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 17 171 000 тенге.
360/040/015/122 специфика «Әлеуметтік аударымдар мемлекеттік фонд» - 41 358 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 13 334 000 тенге.
360/040/015/124 специфика «Міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға аударымдар» - 26 058 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 8 368 000 тенге.
360/040/015/149 специфика «Басқа тауарларды сатып алу» - 14 793 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 9 093 000 тенге.
360/040/015/152 специфика «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» - 104 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 27 000 тенге.
360/040/015/158 специфика «Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу» - 1 110 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 450 000 тенге.
360/040/015/159 специфика «Басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» - 50 100 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 9 386 000 тенге.
360/040/015/169 специфика «Басқа ағымдағы шығындар» - 700 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 200 000 тенге. Ауыз суға – 698 779,51 теңгеге келісімшарт жасалынды.
360/040/015/414 специфика «Машиналарды, жабдықтарды, құралдарды сатып алу» - 90 704 000 теңге, 1 мамырға дейінгі игерілген қаражат соммасы 32 185 000 тенге. Қазақ тілі және әдебиет кабинеті 2 дана – 14 500 000 теңге, География кабинеті – 7 500 000 теңгеге жасалынып кабинеттер толықтай жабдықталды. Мектепке Лэд экран – 1 дана және микшерді пульт – 1 дана, барлығы – 10 299 980 теңгеге келісім-шарт жасалынды.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелерін талқылау Қазақ тілі және әдебиет кабинеті 2 дана – 14 500 000 теңге, География кабинеті – 7 500 000 теңгеге жасалынып кабинеттер толықтай жабдықталды. Мектепке Лэд экран – 1 дана жәнемикшерді пульт – 1 дана, барлығы – 10 299 980 теңгеге келісім-шарт жасалынып, техника алынды. Мектептің ағымды жөндеу жұмысы ашық конкурстан өтті. Мәртебесі – өтінім қаралуда.
- ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ:
Оқулықтар мен жабдықтарды сатып алуды жоспарлау Мектеп кітапханасы – кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар мұғалімдермен тығыз байланыста болып, әртүрлі іс-шаралар, байқаулар және кітап көрмелерін ұйымдастырып отырады.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ КІТАП ҚОРЫ - 76047 дана
Оның ішіндегі:
Оқулықтар – 64536
Әдеби кітаптар – 2289
Дидактикалық материалдар – 7713
Әдістемелер – 470
СД (Электронды оқулық) – 1039
Оқырмандар саны - 2050,
Келушілер - 12053,
Берілген кітап саны - 14501
Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету барысында жалпы оқушылар 100% оқулықпен қамтамасыз етілді.
1-11-сынып оқушыларының оқулықпен қамтылуы –100%.
2025-2026 оқу жылына төмендегідей 4-сыныптар бойынша оқулықтарға тапсырыс берілді:
1.Цифрлық сауаттылық,
2.Ағылшын тілі
3.Бейнелеу өнері
4.Еңбекке баулу
Білім беру мекемелерін жөндеу және абаттандыру мәселелерін қарастыру Білім беру мекемелерін жөндеу және абаттандыру мәселелерін қарастыру – бұл оқу орнының сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық міндет. 2025-2026 оқу жылына дайындықты ұйымдастыруда.