"Оспан 05" балабақшасы түлектерінің №156 жббм танысуы
📚 Балалықтан білім әлеміне – алғашқы қадам
“Оспан 05” балабақшасының түлектері №156 жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, оқу орнымен жақынырақ танысып қайтты.
👧👦 Болашақ бірінші сынып оқушылары мектептің кең әрі жарық сынып бөлмелерін аралап, ұстаздармен жүздесіп, мектеп өмірінің алғашқы әсерін сезінді. Балғындар үшін бұл күн ерекше есте қаларлық, қуанышты сәттерге толы болды.
🧠 Кездесу барысында оқушылар мектептің ішкі тәртібімен, оқу үдерісімен танысып, өздерін нағыз оқушы ретінде елестетіп көрді. Ұстаздар жылы жүзбен қарсы алып, балалардың қызығушылығын арттыра түсті.
✨ Мұндай таныстыру шаралары балалардың мектепке деген сенімін нығайтып, жаңа ортаға тез бейімделуіне зор ықпал етеді.
🌟 Бүгінгі кішкентай қадам – ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы!
@alatau_bilim_bolimi


https://www.instagram.com/reel/DXzXbN0syZM/?igsh=aXhuZHl6NTAyZWQw