Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№156 ЖББ мектепте Мұғалімдер күніне арналған Дублер күні ұйымдастырылды»
15
октябрь
2025

«№156 ЖББ мектепте Мұғалімдер күніне арналған Дублер күні ұйымдастырылды»

 «№156 ЖББ мектепте Мұғалімдер күніне арналған Дублер күні ұйымдастырылды»

Мұғалімдер күніне орай №156 жалпы білім беретін мектепте ерекше іс-шара — «Дублер күні» өтті. 🎓

Бұл күннің басты мақсаты — оқушылардың өзін-өзі басқару қабілеттерін дамыту, көшбасшылық қасиеттерін арттыру, сондай-ақ ұстаз мамандығының жауапкершілігі мен маңызын сезіндіру болды. 💫

5–11 сынып оқушылары ұстаздар мен мектеп әкімшілігінің рөлінде болып, сабақ өткізіп, тәртіп пен оқу үдерісін өздері басқарды. Оқушылар бір күнге мұғалім, директор, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар және сынып жетекшісі рөлінде өздерін сынап көрді. 👩‍🏫👨‍🏫

Мектеп парламенті мен педагогикалық ұжымның бірлескен еңбегімен өткен бұл күн оқушыларға ерекше әсер сыйлады. Олар өз ұстаздарының еңбегін бағалап, ұстаз болудың қаншалықты жауапты әрі құрметті мамандық екенін түсінді. 🌹

«Дублер күні» — бұл тек мерекелік шара ғана емес, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту мен жауапкершілікті сезінуге жол ашқан маңызды тәжірибе болды.


https://www.instagram.com/p/DPTQuWxDH-G/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: