Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп қарияларына сый-құрмет
15
октябрь
2025

Мектеп қарияларына сый-құрмет

🌹 Мектеп қарияларына сый-құрмет көрсетілді 🌹

Қарттар күніне орай №156 жалпы білім беретін мектепте «Қуаныш сыйлайық қарттарға» атты іс-шара ұйымдастырылды. 🌼

Іс-шара барысында мектебіміздің ардақты қарияларына сый-құрмет көрсетіліп, жылы сөздер мен ізгі тілектер айтылды. 💐
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы ақ баталарын беріп, үлкендерге деген ерекше ілтипат пен құрметін білдірді. 🤍

🕊 Қарияларымыз – өмірдің даналығы мен тәрбиенің тірегі.
Олардың әр сөзі – өсиет, әр ісі – өнеге.
Мектеп ұжымы ардагер ұстаздарға және еңбек ардагерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен қуаныш тіледі. ☀️

💛 Өмір жолдарыңыз жарқын, көңілдеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз нұрлы болсын!
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз – жас ұрпаққа бағыт берер шамшырақ.

Қарттарымыздың парасаты мен мейірімі — кейінгі ұрпаққа үлгі, рухани байлығымыздың алтын қазығы. 🌿

https://www.instagram.com/p/DPQdblYjOS8/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: