04
январь
2019
Тәуелсіздік - тұғырым
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «Қарттар үйінде» мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында Алатау ауданындағы №156 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп аталмыш орталықта қызмет алатын қарттарға тамаша көңіл-күй сыйлай білді.
Өз кезегінде қарттарымыз арнайы келген өнерлі жастармен ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.


