Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу-тәрбие үдерісіндегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер, қиындықтар және болашақ бағыттар
03
февраль
2026

Оқу-тәрбие үдерісіндегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер, қиындықтар және болашақ бағыттар

Оқу-тәрбие үдерісіндегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер, қиындықтар және болашақ бағыттар

«Бізге өскелең ұрпақтың барлық жаңа цифрлық  технологияларға еркін бағдарлануы қажет.
Ол үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен зерттеуге баса назар аудара отырып,
 орта мектеп пен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау қажет»

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

 

2022 жылы сол жылы мектебіміздің  директоры Ахметова Г.М., ДОІЖО Султанбаева А.Н. және ДОІЖО Темірғалиева М.Б. Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Алматы мектептері» жобасы бойынша Ресей федерациясының «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетінің  «Жалпы білім беретін мекемелерін дамытудың заманауи бағдарламалары» тақырыбындағы, ED CRUNCH академиясының «Басқарушылық және көшбасшылық: жақын арада даму мектептері» тақырыбындағы кәсіби қайта даярлау курсынан өтіп, «Шанс» тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған жоба құрылған.

Мектеп басшысы 2023 жылы қыркүйек айында  Швейцария мемлекетіндегі Leysin қаласында ЖИ бойынша шетелдік тағылымдамадан өтіп, нәтижесінде Швейцарияның жасанды интеллектіні үйренуге арналған онлайн курсынан мектебіміздің 8 мұғалімі (информатика мұғалімдері Иманқожаева М.С., Мансурова А., ағылшын тілі мұғалімдері Смаилова А.А., Ақылбаева А.С., математика мұғалімдері Мирзалимова С.Н., Авакриева М.Т., бастауыш сынып мұғалімі Юсупова А., Мирзахметова А.Ю.) өтіп, ЖИ құралдарын жетік меңгеріп, өз тәжірибелерін жан – жақты таратуды жүзеге асырып келеді.

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының 2025-2026 оқу жылына арналған  «Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарында шетелдік тағылымдама» жобасын іске асыру бойынша бекітілген кестеге сай №156 жалпы білім беретін мектепте «Оқу-тәрбие үдерісіндегі ЖИ» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Аталған тәжірибе тарату семинарына Алматы қаласының 8 ауданынан 60-қа жуық ұстаздар қатысты. Семинарға қатысушылардың психологиялық көңіл-күйін  қалыптастыру мақсатында мектеп психологтары ерекше әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып қарсы алды.

Мектебіміздің 1 топ ұстаздары «ЖИ – мектеп өмірінде» атты тәжірибе тарату алаңында жасанды интеллектіге байланысты өз тәжірибелерімен қысқаша бөліссе, «Швейцария тағылымдамасы. Тәжірибе алмасу» тақырыбында мектеп директоры  баяндама оқыса, оқу ісі жөніндегі орынбасар Султанбаева А.Н. «Мектептегі әдістемелік жұмыс және ЖИ» тақырыбында әдістемелік жұмыстарда ЖИ құралдарының тиімді қолданылудағы тәжірибесімен бөлісті.

Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының маманы Шангереева Б. және Алатау аудандық Білім бөлімінің  маманы Бөкенова Д.Б. семинардың өтілуі туралы, бөліскен тәжірибелер туралы  ойларын ортаға салып, әдістемелік көмек көрсетіп, кеңестерін, ризашылықтарын білдірді.

Секция жұмыстары арқылы сынып жетекшілері тәрбие үрдісінде ЖИ құралын қандай мақсатта қолдануға болатындығы туралы «ЖИ-модератор, коуч және алдын алушы» тақырыбындағы жұмыста көрсете білді.

«Зерде» оқушылардың шығармашылық ғылыми жоба байқауына қатысып, оқушылары жүлделі орындарға ие болып жүрген мұғалімдер Саржанова Н.Д., Смолинова С.Т., Самиева Р.Г. оқушылармен ғылыми жоба жазуда зерттеу сапасын арттырудағы тәжірибелерін ортаға салып, зерттеу жұмыстарын жүргізген оқушылары да  аталған тақырыпта өз ойларын бөлісті.

ЖИ бойынша Швейцария курсынан өткен мұғалімдер Иманқожаева М.С., Мансурова А., Мирзалимова С.Н. «Швейцариялық білім беру тәжірибесі: ЖИ және қазіргі мұғалімнің кәсіби дамуы» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті

Сонымен қатар eData.kz  компаниясы ұсынған курстардан өтіп, цифррлық білім беруді дамытуға арналған «Үздік цифрлық педагог -2025», байқауына қатысып, қала бойынша 10 үздік ұстаздар  қатарына еніп, 100000 теңгелік сертификатқа ие болған физика мұғалімі Шамшидин Оңал Мелисбекқызы сабақ үрдісінде сабақ жоспарлаудан бағалауға дейін және мұғалімнің кәсіби дамуындағы ЖИ құралдарының тиімділігіне, маңыздылығына жан-жақты тоқталып өтті.

Семинарда тек технология туралы емес  болашақ білім берудің жаңа парадигмасы туралы да мәселелер көтерілді. Қазіргі заманғы мұғалім — бұл тек білім беруші емес, басқарушы, зерттеуші және шабыттандырушы. Алайда, көптеген тапсырмалар жүктемесі кезінде уақыт пен сапа арасындағы тепе-теңдікті табу барған сайын қиындай түсуде. Сол қиындықты жеңілдету мақсатында семинарда 15-тен аса  тиімді ЖИ платформасын ұсындық:

Сабақ жоспарлауға  MagicSchool.ai, Eduaide.ai, Shyraq AI және Brisk Teaching.
Интерактивті оқытуға — Kahoot!, Quizizz, Curipod және Lumio.
Генеративті ЖИ — Google Gemini, Grok және Easy-Peasy.AI.
Визуалды контентке — Canva, Шедеврум, PixVerse AI және Easygenerator.

Ерекше  eData.kz  компаниясы туралы айтылып, оның қазіргі уақытта: Google Cloud / Google for Education ЖИ негізіндегі тестілеу және білімді бағалау құралдары, Canva for Education  мұғалімдерге арналған ЖИ-қуатты контент құру құралдары, Quizizz Интерактивті тестер, геймификация, формативті бағалауды Қазақстан мұғалімдеріне алдыңғы қатарлы платформаларын тегін қолдануға мүмкіндік беріп отырғаны айтылды.

Зерттеушілердің мәлімдемесіне сүйенсек, әлем бойынша оқушылардың  ЖИ қолдануы бір жылда 66%-дан 92%-ға өскен. Біздің оқушыларымыз осы технологияны күнделікті қолданып жүр. Енді кезек — бізде.

Жасанды интеллект — қауіп емес, мүмкіндік. Әрбір мұғалім бүгін үйренгенін ертең сыныпта қолданса. Өйткені біздің оқушыларымыз — цифрлық дәуірдің балалары, ал біз — сол дәуірдің ұстаздары болуымыз керек!

 

Алматы қаласы
№156 ЖББ мектептің
физика пәні мұғалімі
Шамшидин Оңал Мелисбекқызы


https://ru.bilimainasy.kz/30-01-26-02/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: