Оркестр (Алатау ауданы)
АЛМАТЫДА «ДОМБЫРА ҮНІ» АТТЫ АУҚЫМДЫ ФЛЕШМОБ ӨТТІ 🎶
Алматы қаласындағы Almaty Arena алаңында Наурыз мерекесіне орай «Домбыра үні» атты ең ірі балалар флешмобы өтті.
Ауқымды шараға 200-ден астам мектептен 11 мыңға жуық оқушы қатысып, бұл көрсеткіш еліміз бойынша жаңа ұлттық рекорд ретінде тіркелді.
Жас өнерпаздар Төлеген Мұхамеджанов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және Құрманғазының «Балбырауын» күйлерінен құралған күрделі музыкалық композицияны орындады.
Көрініс Қазақстан рекордтар кітабының (КИнЭС) өкілдерінің бақылауымен өтіп, ресми түрде тіркелді. Бұл жолы қатысушылар бір ғана күй емес, бірнеше шығармадан құралған ерекше попурриді орындады.
Шараны Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырып, қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Дайындық жұмыстарына жүздеген педагог қатысты.
✨ Бұл флешмоб ел тарихындағы ең ірі музыкалық шаралардың бірі болып, жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын айқын көрсетті.
📌 Айта кетейік, аталған шараға №156 жалпы білім беретін мектептен 60-қа жуық оқушы белсенді қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
👏 Оқушыларымызға алғыс білдіреміз!
@alatau_bilim_bolimi @akmurzaevakarlygash @edu.almaty


https://www.instagram.com/reel/DV_F9_WjMkg/?igsh=ZHR3bXRyZXlnZGhy