Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте педагогтердің қызметін бағалауға арналған KPI жүйесін енгізуді зерделеу қорытындысы бойынша  АНЫҚТАМА
09
июнь
2026

Мектепте педагогтердің қызметін бағалауға арналған KPI жүйесін енгізуді зерделеу қорытындысы бойынша  АНЫҚТАМА

Мектепте педагогтердің қызметін бағалауға арналған

KPI жүйесін енгізуді зерделеу қорытындысы бойынша

 АНЫҚТАМА

 

Мектеп атауы: «№156 жалпы білім беретін мектеп» КММ

Мониторинг кезеңі: 01.06-05.06.2026 жыл

Жауапты тұлға: ДОІЖО Султанбаева А.Н., Таипова М.И., Құрманғали А.Қ.

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алатау аудандық Білім бөлімінің №156 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы №197 бұйрығы және №156 ЖББ мектептің 2026 жылғы 25 мамырдағы №161 мектепішілік бұйрығы негізінде педагогтердің еңбек нәтижелерін әділ әрі ашық бағалауға мүмкіндік беретін KPI (Key Performance Indicators – негізгі тиімділік көрсеткіштері) жүйесін енгізу жұмыстары  жүргізілуде.

 

KPI жүйесінің басты мақсаты – педагогтердің кәсіби жетістіктерін нақты көрсеткіштер арқылы бағалау, олардың білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесін анықтау, шығармашылық және әдістемелік белсенділігін ынталандыру, сондай-ақ мектептің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету.

 

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу, педагогтердің кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру және білім сапасын көтеру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Жүйені әзірлеу барысында педагогтердің қызметінің барлық негізгі бағыттары қамтылды. Бағалау критерийлері мұғалімдердің күнделікті атқаратын жұмыстары мен кәсіби нәтижелерін ескере отырып жасақталды. Әрбір көрсеткішке белгілі бір балл көлемі бекітіліп, жыл бойы жинақталған нәтижелер бойынша мұғалімнің жалпы көрсеткіші анықталды.

 

Педагогтердің қызметі келесі бағыттар бойынша бағаланды:

 

Әдістемелік жұмыс бағыты:

- дайындау және басылымға шығару;

- аттестациядан өту;

- әрекетке енген авторлығы;

- педагогтің оқу-әдістемелік кешенін дайындау және шығару;

- электронды оқулықты немесе оқу құралын дайындау және шығару;

- мектеп сайтына және әлеуметтік желілерге орналыстырған материалдары;

- педагогтің сабақ беретін сыныптарының орташа білім сапасының көрсеткіші;

- басылымға пікір беру (авторлық құрал негізінде);

- біліктілікті арттыру курстары;

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы:

- дәреже алу үшін диссертация қорғау;

- ғылыми мақалалар, жарияланғандары;

- педагогтің атқарған ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелілігі;

- ғылыми семинарларда, конференцияларда, дөңгелек үстелдерде және т.б. сөз сөйлеу;

- шығармашылық одақтар мүшелігіне қабылдану;

- оқушылардың ғылыми жұмысын басқару;

Тәрбиелік және қоғамдық жұмыстар:

- БАҚ-та сөз сөйлеу;

- ұйымдастыру және өткізу;

- көрнекі құралдарды (газеттер, планшеттер, стендтер, баспасөзге арналған жазба, бейнеролик, т.б. ) әзірлеу;

- оқу кабинетінің тазалығы және безендірілуі;

- алған марапаттары және сыйлықтары;

- қоғамдық жұмыстарды атқару (кеңес, қазылар алқасы, комиссиялар және т.б. құрамында);

- шығармашылық топтарға (үйірмелер, студиялар, спорт секциялары және т.б.) жетекшілік ету;

Әкімшіліктен алған (түсініктеме, ескерту, АКТ, сөгіс, қатаң сөгіс).

Барлық көрсеткіштер бойынша жинақталған мәліметтер арнайы әзірленген  балдық шкала негізінде есептеледі. Нәтижесінде әр педагогтің жеке рейтингі қалыптасып, оның кәсіби қызметінің тиімділігі туралы кешенді талдау жасауға мүмкіндік береді.

Мектеп директоры Темиргалиева М.Б., ДОІЖО Султанбаева А.Н. педагогикалық ұжымға KPI жүйесінің мақсаттары, міндеттері, бағалау критерийлерімен жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде мұғалімдерге жүйенің құрылымы, балл есептеу тәртібі, көрсеткіштерді енгізу механизмі және алынған нәтижелерді талдау тәсілдері таныстырылды. Сонымен қатар педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.

Жаңа жүйені енгізудің нәтижесінде педагогтердің кәсіби жетістіктерін объективті бағалау мүмкіндігі артып, әр мұғалім өз қызметінің нәтижесін нақты көрсеткіштер арқылы көре алады. Бұл өз кезегінде кәсіби жауапкершілікті күшейтуге, білім беру сапасын арттыруға және үздік тәжірибелерді кеңінен таратуға ықпал етеді.

Сонымен қатар KPI жүйесі педагогтердің өздігінен кәсіби дамуына, жаңа жобаларға қатысуына, ғылыми-әдістемелік жұмыстарға белсенді араласуына және оқушылардың білім жетістіктерін жақсартуға қосымша мотивация береді. Жүйенің ашықтығы мен айқындылығы ұжым ішінде әділ бағалау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

 

KPI бағыттары бойынша мониторинг:

КРІ бағыты

Көрсеткіш

Жоспар

Нақты нәтиже

Орындалуы %

Жауапты

Оқу сапасы

1

Білім сапасының көрсеткіші

56%

Білім

сапасын

 60%-ға

жеткізу

 

 

60%

100%

Құрманғали А.Қ.

Сабақ сапасы

2

Сабаққа қатысу, бақылау нәтижесі

50%

Сабақ сапасын

60%-ға жеткізу

80%

100%

Султанбаева А.Н., Таипова М.И., Құрманғали А.Қ.

Мұғалімнің кәсіби дамуы

3

Мұғалімніңсеминар, курс, тәжірбие таратуы

60%

Қалалық

семинар өткізу

88%

100%

Султанбаева А.Н., Таипова М.И., Құрманғали А.Қ.

Оқушы жетістігі

4

 Оқушылардың олимпиада, байқау, жоба көрсеткіштері

35%

Оқушыларды халықара

лық байқаулар

ға қатыстыру

40%

100%

Султанбаева А.Н., Таипова М.И., Құрманғали А.Қ.

Тәрбие және ата-анамен жұмыс

5

Тәрбие саласы бойынша шаралар, ата-анамен жұмыс

58%

Ата-аналармен байланысты күшейту, тәрбие шараларын өткізу

61%

100%

Султанбаева А.Н., Таипова М.И., Құрманғали А.Қ.

Құжат жүргізу және мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуы

6

Құжаттар жүргізуі және мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауы

100%

Құжаттарды уақытылы және сапалы жүргізу

100%

100%

Султанбаева А.Н., Таипова М.И., Құрманғали А.Қ.

 

                        №156 жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің

KPI қорытындысы

 

Статус

Балл

Барлығы

Қауіп аймағы

0-300

43

Дамуды қажет ететін мұғалім

300-500

45

Стабильды мұғалім

500-700

41

Нәтижелі мұғалім

700-900

33

Көшбасшы мұғалім

900-1000

6

Үздік мұғалім

1000-1200

5

Жалпы сан

 

184

KPI тапсырған мұғалімдер саны

 

173

KPI тапсырмаған мұғалімдер саны

 

11 (себепті)

 

Қорытынды

 

KPI жүйесі педагогтердің кәсіби қызметін заманауи талаптарға сай бағалауға арналған тиімді басқару тетігі болып табылады. Жүйе мұғалімдердің жетістіктерін әділ бағалауға, кәсіби белсенділігін арттыруға, білім сапасын көтеруге және мектептің стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған маңызды бастама болып саналады. Пилоттық кезеңнің нәтижелері жүйені одан әрі жетілдіруге және мектеп тәжірибесінде кеңінен қолдануға негіз болады.

 

Ұсыныс:

  • KPI жүйесін келесі оқу жылында тұрақты түрде, нақты критерийлерімен қолдану.
  • ​Төмен нәтиже көрсеткен педагогтерге арналған жеке кәсіби даму жоспарларын, ынтымақтастық, бірлескен жұмыс нәтижесіне бағытталған әдістеме әзірлеу.
  • ​Үздік мұғалімдердің тәжірибесін әдістемелік ортада талқылау, үздік жұмыс нәтижелерін ортақ мақсатта пайдалану.
  • ​KPI нәтижелерін ынталандыру және марапаттау жүйесімен байланыстыру.

 

 

                       Мектеп директоры                                          М.Темиргалиева          

 

 

 

 

Жауапты: ДОІЖО Султанбаева А.Н.                  

 

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: