Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№156 жалпы білім беретін мектебінде 11 сынып оқушыларына "Талантты тапқырлар" атты тренинг өтті.
25
январь
2020
№156 жалпы білім беретін мектебінде 11 сынып оқушыларына "Талантты
№156 жалпы білім беретін мектебінде 11 сынып оқушыларына "Талантты тапқырлар" атты тренинг өтті. Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, білімдерін жинақтау. Жақсы көңіл- күй мен қарым- қатынас орнату. Өткізген мектеп психологы И.Джангурбаева.
Математика пәнінен ашық сабақ өтті.
20
декабрь
2019
Математика пәнінен ашық сабақ өтті.
№156 жалпы білім беретін мектептің 3"Б" cынып жетекшісі Г. Сейтбаева математика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: дөңгелек сандарды ауызша көбейту және бөлу. Сабақтың мақсаты:нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін меңгерту.
"Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!"
18
декабрь
2019
"Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!"
"Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!" атты республикалық көркем сөз, ән-би шығармашылық жұмыстар байқауының "Эстрадалық вокал" номинациясы бойынша қатысып, өнер жолында өзінің ерекше қабілетін биік дәрежеде көрсете білгені үшін "Әуен ансамблі" I-дәрежелі лауреат дипломымен, Нұрлыбек Жансая мен Слямқұл Зере II-дәрежелі лауреат дипломмен марапатталды, жетекшісі Т. Серғазиеваны, оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!
Біздің мақтанышымыз
14
декабрь
2019
Біздің мақтанышымыз
Оқушылар сарайында өткен дөңгелек үстел жарысынан сертификат алған, туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай, өнеге-салтымызды, ана тілімізді сүюге тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында өткен " Тәуелсіз Қазақстан- жастар көзімен " атты дөңгелек үстеліне белсенділік танытқаны үшін Таракова Даяна марапатталды
Баяндауыш атты қазақ тілінен ашық сабақ өтті
14
декабрь
2019
Баяндауыш атты қазақ тілінен ашық сабақ өтті
№156 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Б.Бөртайдың ұйымдастыруымен , баяндауыш атты қазақ тілінен ашық сабақ өтті. Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Баскетбол
02
декабрь
2019
Баскетбол
2 желтоқсан күні Алатау ауданы № 156 жалпы білім беретін мектепте, Алматы қаласы Білім Басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт оқу- тәжірибелік орталығы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне арналған "Баскетболдан" Алматы қаласының мұғалімдері арасында қалалық жарыс өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша I орынды Алмалы ауданы, II орынды Алатау ауданы, III орынды Әуезов ауданы мұғалімдері арнайы Білім Басқармасының кубогы мен дипломымен марапатталды, құттықтаймыз!!!