21
октябрь
2019
Жас Ұлан
Алматы қаласының Білім басқармасы «Жас Ұлан» РБЖҰ Алатау аудандық филиалы 2019 жылғы 18 қараша күні сағат 10:00-12:30 аралығында №1 оқушылар үйінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірім ұйымының жоспарына сәйкес Алатау аудандық филиалының кеңесін құру мақсатында «Аудан Ұланбасын сайлауды» №169мектеп-лицейінің аға тәлімгері Камбарова Жадыра Рахымбаевна мен №14 ЖББМ аға тәлімгері Корабаева Алтынай Казыхановна ұйымдастырды. Оған Алатау ауданының 26 білім беру мекемесінің Ұланбасылары, мен аға-тәлімгерлері, «Жас Ұлан» ұйымына мүше оқушылар белсене қатысты. Аудан Ұланбасын сайлау Астана уақытымен 10:00-де Қазақстан Республикасының ұлттық әнұранымен басталып, 12:30-де аяқталды.Әр мектептің ұланбасшысы өз бағдарламаларымен таныстырды. Осылайша, Ұланбасылар саяси белсенділіктерімен қатар, сауаттылықтарын да байқата білді. Сайлау нәтижесінде №180ЖББМ оқушысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Алатау аудандық филиалының АУДАН Ұланбасы қызметіне тағайындалып, сайлаудың өзге 7 үміткері Ұланбасының орынбасары №150ЖББМ оқушысы - Амраева Сабина орынбасар көмекшісі-Исмаилов Ақан Мәдени-тәрбиелік бөлімбасы-№169МЛ оқушысы Манатова Айтоты Салауатты өмір салты бөлімбасы -№178Л оқушысы Серікұлы Алихан Сыртқы істер бөлімбасы - №201МГ оқушысы Аманжол Аяулым Ақпарат бөлімі бойынша бөлімбасы- Асқар Ернұр #156ЖББМ Ғылыми бөлім бойынша бөлімбасы- Советханұлы Фархат филиал әкімшілігінің қатарына еніп, жеті бағыт бойынша, Ғылыми бөлім жетекшісі болып сайланды, оқушымыз Советханұлы Фархатты шын жүректен құттықтаймыз!!!!!