2026-жылы 30-сәуір күні “Жас маман мектебі” жоспарының негізінде практикалық семинар
2026-жылы 30-сәуір күні “Жас маман мектебі” жоспарының негізінде практикалық семинар өткізілді.
Семинар тақырыбы:
“Жасанды интеллект: Болашақ мүмкіндіктері және оқушының рөлі”.
Мақсаты: ЖИ технологияларының даму бағытын түсіну және оны білім алуда тиімді қолдануды үйрену.
✅ Семинар барысында Mozaik Education (жиі “mozaWeb” немесе “mozaBook” деп те аталатын — мектептер мен оқушыларға арналған интерактивті цифрлық білім беру платформасын қалай пайдалану керектігі түсіндірілді.
📚 Mozaik Education платформасының қандай көмегі бар екендігі,
3D анимациялар арқылы күрделі тақырыптарды оңай түсіндіретіні,
интерактивті тапсырмалар мен тесттер беретіні,
электронды оқулықтар мен сабақ материалдарын ұсынатыны,
мұғалімдерге сабақ жоспарын қызықты етуге көмектесетіні,
оқушыларға өз бетімен оқуға мүмкіндік беретіні,
мысалы, биологияда адам ағзасын 3D форматта зерттей алатыны, ал физикада тәжірибелерді виртуалды түрде көрсе болатыны жайлы кеңінен айтылды.
