Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мен өзіме сенемін"
11
май
2019
"Мен өзіме сенемін"
11- сынып оқушыларын ҰБТ мен емтиханға дайындау жұмыстары жүргізілді. Тақырыбы: "Мен өзіме сенемін" атты тренинг өтті. Мақсаты: оқушыға өз өмірінің субьектісі екеніне көзін жеткізу, көмек көрсету. Тренингті өткен мектеп психологы Джангурбаева Индира және директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Базарбаева Нурлыхан.  
«Ер есімі –ел есінде»
04
май
2019
«Ер есімі –ел есінде»
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 74 жыл өтті, Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта қалатын күн. «Ер есімі –ел есінде» атты  мектебімізде мерекелік іс- шара өтті. Тыл еңбеккерлерімен кездесу өткізілді. Іс- шараға мектеп әкімшілігі мен жергілікті өзін- өзі басқару комитеті мен ақсақалдар алқасы ат салысты. Мерекелік кештен соң, дастархан жайылып, үлкендерден бата алдық. Мектептің өнерпаздарды өз өнерлерін паш етті.  
"№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы
02
май
2019
"№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы
30 cәуір күні №156 жалпы білім беретін мектептің өнерпаздары "№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ " 1 мамыр -Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі" күніне арналған " Достығы жарасқан, бақытты ел- Қазақстан" атты мерекелік іс- шараға ат салысты.
Өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Дюсембаева С, Тлембаева Г
29
апрель
2019
Өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Дюсембаева С, Тлембаева Г
Бүгін мектебімізде озық тәжірибе жоспары бойынша семинар өтті. Семинардың мақсаты: Сабақта оқутудың озық технологиясын тиімді пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу арқылы ғылыми жоба жазуға машықтандыру. Өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Дюсембаева С, Тлембаева Г.  
"Қазақстан жүрегімде"
29
апрель
2019
"Қазақстан жүрегімде"
Сәуір айының 25-і күні 1-мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Қазақстан жүрегімде" тақырыбында фестиваль өткізілді. Біздің 156 жалпы білім беретін мектебіміздің оқушылары "Орыс ұлты" халқының киім үлгісі мен биін билеп, көрермен ықыласына бөленді, ерекше өнер көрсеткені үшін арнайы марапатталды. "Жұлдыз-ай" тобы, "Ақнұр" би тобы, 9 "И" сыныбына алғысымыз шексіз!!!  
№156 жалпы білім беретін мектепте 22 сәуір күні 9-10 сыныптар арасында мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді.
23
апрель
2019
№156 жалпы білім беретін мектепте 22 сәуір күні 9-10 сыныптар
№156 жалпы білім беретін мектепте 22 сәуір күні 9-10 сыныптар арасында мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Ахметова Гульнара Мамбетовна ашты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1- мәселе бойынша: ағымдағы мектепті жөндеу жұмыстарына ;мектеп бітіру кештеріне ақша жинамау туралы, ата- аналардан ақша жинамау туралы; 2- мәселемен мектеп медбикесі екпе жұмыстары айтылды; 3-мәселе құқықбұзушылықтың алдын- алу мәселесі қаралды. 4- мәселе әртүрлі мәселелер қаралды.
№156 жалпы білім беретін мектепте 19 сәуір күні 8 сыныптар арасында мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді.
20
апрель
2019
№156 жалпы білім беретін мектепте 19 сәуір күні 8 сыныптар арасында
№156 жалпы білім беретін мектепте 19 сәуір күні 8 сыныптар арасында мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Ахметова Гульнара Мамбетовна ашты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1- мәселе бойынша: ағымдағы мектепті жөндеу жұмыстарына ата- аналардан ақша жинамау туралы; 2- мәселемен мектеп медбикесі екпе жұмыстары айтылды; 3-мәселе құқықбұзушылықтың алдын- алу мәселесі қаралды. 4- мәселе әртүрлі мәселелер қаралды. Мектеп психологы Нағашыбай Нуржайна ата- аналармен
№156 жалпы білім беретін мектепте 16 сәуір күні 6 сыныптар арасында мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді
20
апрель
2019
№156 жалпы білім беретін мектепте 16 сәуір күні 6 сыныптар арасында
№156 жалпы білім беретін мектепте 16 сәуір күні 6 сыныптар арасында мектепішілік ата- аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты мектеп директоры Ахметова Гульнара Мамбетовна ашты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1- мәселе бойынша: ағымдағы мектепті жөндеу жұмыстарына ата- аналардан ақша жинамау туралы; 2- мәселемен мектеп медбикесі екпе жұмыстары айтылды; 3-мәселе құқықбұзушылықтың алдын- алу мәселесі қаралды. 4- мәселе әртүрлі мәселелер қаралды. Мектеп психологы Жақыпжан Сабина мен Нағашыбай
"Боралдай- тарих куәгері" атты мәдени іс- шара Сақ қорғанында өтт
18
апрель
2019
"Боралдай- тарих куәгері" атты мәдени іс- шара Сақ қорғанында өтт
18- сәуір- Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған "Боралдай- тарих куәгері" атты мәдени іс- шара Сақ қорғанында өтті. № 156 жалпы білім беретін мектептің "Айнұр би" тобы мен "Әуен" тобы қатысты. Мектеп директоры мен жас өнерпаздарымыз бен жетекшілер алғыс хатпен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!  
Бүгін мектебімізде мектепішілік футболдан 1-2 сыныптар арасында жарыс өтті.
18
апрель
2019
Бүгін мектебімізде мектепішілік футболдан 1-2 сыныптар арасында жарыс
Бүгін мектебімізде мектепішілік футболдан 1-2 сыныптар арасында жарыс өтті.Мақсаты: а) білімділік: Оқушыларды футбол ойын элементтерімен таныстыру. Ойын элементтеріне арналған жаттығу түрлерін үйрету. ә) дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығы мен ойын ойнауға деген икемі мен дағдысын қалыптастыру. б) тәрбиелілік: Оқушыларды ұжымдық жұмысқа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.1-орынды 1"В" мен 2"Б" сыныптары марапатталды. Аудандық спорт жарысына өтті. Оқушыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!!