Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Адал дүкен"
22
февраль
2019
"Адал дүкен"
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді. №156 жалпы білім беретін мектепте, "Адал дүкен" пилоттық жобасына байланысты, қоғамда адалдық атмосферасын қалыптастыру мақсатында іс- шаралар ұйымдастырылды.  
Музей
21
февраль
2019
Музей
2019 жылы 19 ақпан күні біздің мектептің 6-7 сыныптары, бүгінгі таңда халықтың тарихи санасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде туған еліне, жеріне деген патриоттық сезімін оятудың маңызы жоғары. Сондықтан, өлкетану пәні мектепте оқытылып қана қоймай, оны іс- тәжірибе жүзінде іске асырудың да маңызы зор. Сондықтан мектеп өңірлердегі өлкетану музейлеріне саяхат жасады. Мақсатымыз: ұлт тарихын санаға сіңіру, өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялату, отаншылдық тәрбие беру.
"Ауған ақиқаты" атты кездесу өтті
20
февраль
2019
"Ауған ақиқаты" атты кездесу өтті
Алатау ауданы № 156 ЖББМ- те 2019 жылы 19 ақпан күні Кеңес жауынгерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай "Ауған ақиқаты" атты кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп- құрметтеу біздің борышымыз. Кездесуге ауған соғысы ардагері Анаятов Аркен ағамыз келді. Кездесу соңында мектеп оқушыларының қатысуы мен мерекелік концерттік бағдарламамен аяқтады.  
«Алтын жүрек анамыз»
06
февраль
2019
«Алтын жүрек анамыз»
5 ақпан күні мектебімізде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.Назарбаеваның туған күніне арналған «Алтын жүрек анамыз» атты кітапханада іс- шара өтті. Оған 1 - 4- сынып оқушылары қатыстырылды. Онда Республикамыздың бірінші ханымы туралы кітаптар көрсетілді және мектебіміздің кітапханашылардың  көмегімен көрме ұйымдастырылды.  
Іс-шара
05
февраль
2019
Іс-шара
5 ақпан күні 156 жалпы білім беретін мектепте, АИТВ/ЖИТС және қоғам атты дәріс оқылды. Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі АИТВ/ ЖИТС дертін алдын- алу, оның жолдарын, одансақтана қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.Дәріске мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары қатысты.  
"Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"
01
февраль
2019
"Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"
1 ақпан күні № 156 жалпы білім беретін мектепте "Өзін- өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі басталды. "Өзін- өзі тану" бағдарламасының негізгі мақсаты: оқушыларға рухани- адамгершілік құндылықтар туралы түсінік бере отырып, өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын және жауапты болуға тәрбиелеу, қоғамға қызмет ету дағдыларын іс- жүзінде дамыту. Мектептің көркем өнерпаздары, өнерпаздары анмен бимен шашу шашты. Бұл оңкүндік мектепте
нұр отан жиналыс
31
январь
2019
нұр отан жиналыс
2019 жыл қаңтар айының 30 күні № 156 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалының кезектен тыс XVI конференциясы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер: 1. "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығы" . Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі. 2. "Нұр Отан" партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау. 3. "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалының кезектен тыс XVI конференциясына делегаттар сайлау.
ұланбасы
31
январь
2019
ұланбасы
№156 жалпы білім беретін мектепте 30.01.2019ж. Сағат 09.00де "Тұған өлкем- тұнған шежіре, Тарихи орындарға саяхат" атты, аудандық іс- шараға Алатау ауданының мектептерінің Ұланбасы , Ұланбасы орынбасарлары және мектеп тәлімгерлері қатысты.  
Ата-аналар жиналысы
30
январь
2019
Ата-аналар жиналысы
Алматы қаласы Алатау ауданы №156 жалпы білім беретін мектепте 29 қаңтар күні жалпықалалық ата- аналар жиналысы өтті.  
"Топырақтың құрамы"
28
январь
2019
"Топырақтың құрамы"
Озық тәжірибе мектеп жоспары бойынша, 28 қаңтар күні ,ашық сабақ өтті. Тақырыбы: "Топырақтың құрамы". Пән мұғалімі Какимжанова Диляра Маликовна 3 "Д" сынып. Мақсаты: 3.3.4.2- топырақтың негізгі құрамын зерттеу(құм, саз, өсімдік пен жануарлардың қалдығы, су, ауа) 3.1.2.3- эксперимент жоспарлау және жүргізу. 3.1.2.4- жүргізілген эксперимент нәтжесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау. Сабаққа жас мамандар қатысты.