"Ту ұстаушылар байқауы"
🥇 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өткен қалалық «Ту ұстаушылар байқауында» №156 жалпы білім беретін мектептің «Жас сарбаз» командасы жоғары нәтиже көрсетті. 5–6 сынып оқушылары арасында өткен байқауда жалпы командалық есепте 🥇 І орынға ие болды. Сонымен қатар, «Үздік ту» номинациясы бойынша да жүлделі нәтиже көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдеді. Бұл – оқушыларымыздың тәртіптілігі мен бірлігінің, отансүйгіш рухының айқын көрінісі! 👏 Жетекшісі: Е. Шалабаев Жеңістеріңіз құтты болсын!