Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 298-10-68
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-13-63
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата- анаға мың алғыс!
04
октябрь
2019
Ата- анаға мың алғыс!
№ 156 жалпы білім беретін мектепте "Ата- анаға мың алғыс!" атты, 3"з" сынып ата- аналарымен ашық сабақ өтті. Сынып жетекшісі Бөртай Балғын. Мақсаты: Ата- ананы қадірлей білуге, үлкенге ізет көрсетуге, бауырмал болуға баулу.
"Тілім менің тірегім"
20
сентябрь
2019
"Тілім менің тірегім"
№156 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейтбаева Гүлмира 1-4 сынып оқушылар арасында "Тілім менің тірегім" атты поэзиялық кеш ұйымдастырды. Мақсаты: Егеменді еліміздің жас қырандарын өз ұлтымыздың мәртебесін биік, ана тілінде таза сөйлеуге, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
"Ана тілім - ажарым, асыл мұрам"
20
сентябрь
2019
"Ана тілім - ажарым, асыл мұрам"
"Ана тілім - ажарым, асыл мұрам" тақырыбында аудандық жас суретшілер байқауына қатыстық. Оқушымыз А.Мауталиева III- орын алды, жетекшісі К.Туменбаеваны шын жүректен құттықтаймыз!!!
"Танысу " тренингі жүргізілді
17
сентябрь
2019
"Танысу " тренингі жүргізілді
 № 156 ЖББМ-те бастауыш сынып психологы С.С.Слямханова 1-сынып оқушылардың бейімделуін анықтау мақсатында: "Танысу " тренингтері жүргізілді. Биылғы жылғы 1-сынып оқушыларының сыныптағы қарым- қатынасы жақсы және тұлғалық даму деңгейі және белсенділіктері жоғары. Сонымен қатар мектеп логопеді С.А. Әшім оқушылардың тіл кемістіктерін анықтау мақсатында артикуляциялық тіл жаттығуларын жүргізді.
Almaty Sport Fest
16
сентябрь
2019
Almaty Sport Fest
№ 156 ЖББ мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сарсек Алмас, Оралбеков Талғаттың 11 "В" сынып оқушысы Бектемисов Жақсылық (І орын) және дене шынықтыру пәні мұғалімі Кусакаев Мураттың волейбол қыздар командасы I-орын алды, аудандық "Almaty Sport Fest" жарысынан, құттықтаймыз !!!!
"Айналы бөлме"
22
май
2019
"Айналы бөлме"
11 сынып  оқушыларына  ҰБТ-ға  психологиялық  дайындық.  Тренинг тақырыбы:  "Айналы бөлме",  мақсаты:  оқушылардың көңіл- күйін  игере білуге  және  басқаруға,  қадағалауға,  дұрыс  бағалай  білуге  тәрбиелеу. Тренингті  жүргізген  мектеп  психологы  Джангурбаева  Индира  
"Гүлденді дала"
15
май
2019
"Гүлденді дала"
"Гүлденді дала" жасөспірімдер мен балалар арасындағы Республикалық ән- би байқауының "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша "Нұр домбыра" оркестрі 1 орын алды, осы байқауда "Ақнұр би" тобы бас жүлдемен марапатталды, жетекшілері Тулепова Гулсім мен Нуриева Ақнұрға шығаршылық шабыт пен шәкірттерге өнердің биігінен көріне беруіне, жетекшілерімізбен шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!!  
"Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы"
15
май
2019
"Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы"
Республикалық Әбіш оқуларының "Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы" бойынша №156 ЖББМ оқушысы Нұрқасымов Нұрбек марапатталды, жетекшісі Сайлау Гулжамалға шығармашылық табыс, шәкіртімізге биік белестен көрінсін, шын жүректен құттықтаймыз!!!!