Қазақстандық оқушылар Беларусьтегі халықаралық байқауда жеңіске жетті
Қазақстандық оқушылар командасы Беларусь елінде өткен жас жол инспекторларының 53-республикалық слет-байқауында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Жеңімпаздардың бірі – Алматы қаласындағы №156 мектептің 9-сынып оқушысы Айару Телжан. Оқушының айтуынша, команда Қазақстаннан Беларуське 19 мамыр күні аттанған. Делегация құрамында төрт оқушы, команда жетекшісі Аида Тохтиева және топ жетекшісі Нұрлан Сапархан болған. Айарудың сөзінше, жарыс Брест қаласында лагерь базасында өткен.